
«KZ-25: Менің Тәуелсіздігім» телециклының кезекті шығарылымы ширек ғасыр ішінде елімізде жүргізілген көші-қон саясатының жемісті нәтижесіне арналып отыр. Деректерге жүгінсек, осы мерзім аралығында атажұртқа миллионға жуық қандасымыз оралыпты. Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі үшін олар әр түрлі салада белсенді еңбек етіп жүр.Телехабардың басты кейіпкері Серік Мәгештің тағдыры бұған нақты дәлел. Ол Қарағанды облысы, Абай ауданы, Сәрепті ауылдық орта мектебінің директоры.
Редакторы - Әшімхан Жәмпейісов
Режиссері – Рахима Ысқақова
Телеоператоры – Мұрат Төкенов
Бейнеинженер – Айжан Әбдріахманова
Дыбыс режиссері – Нәзира Хамитова
Бұл топқа дайыс беру үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз: http://vote.kaztrk.kz/tauelsizdikke-tartu/