ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖІГІТТЕР ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

17:19, 14 наурыз 2018

Қос жерлесіміз Айбар Оразалы мен Жандос Қуанышбеков Бішкектен олжалы оралды

Айыр қалпақты ағайынның елінде өткен грэпплингтен Азия чемпионатында оғыландарымыз  күміс медальмен күптелді.Жеңіске жеткен спортшылар қазақтың абыройын асқақтатып, беделін аспандатты. Азия чемпионатында жеңістің жалауын желбіреткендердің бірі Айбар Оразалы.Батыл жүректі,спортшы  дүбірлі дода да үш кездесу өткізіпті.Байрақты бәсекедегі белдесуде ол екі бірдей қарсыласын  қапыда қалдырып, тек ақырғы айналымда қырғызстандық сайыпқыранға есе жіберген. Атына шеберлігі сай жастың грэпплингпен шұғылданғанына 4 жылдың жүзі болған.

Айбар ОРАЗАЛЫ  Азия чемпионатының күміс жүлдегері

Бірінші кездесуде Иран палуанымен шықтым.Оны қолын ауырту әдісімен жеңдім. Өте қиын болды.Бапкерімнің артқан  жауапкершілігін сезіндім.Өйткені қазақ елі маған сенім артты.

Тағы бір жерлесіміз  ел қоржынын күміс медальмен толықтырды.84 келіде Жандос Қуанышбеков арқа жерінің мерейін үстем етті.Чемпионатта 100-ден астам оғылан 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен.Сайыста ұлттық құрама сапынан  25 саңлақ өнер көрсетті.Олардың арасында екеуі қарағандылық.

 Марат ҚҰТЖАНОВ  А. Оразалының жеке бапкері

Айбар мақсаты айқын шәкіртім десе артық айтпағандығым болар. Азия чемпионатында төрешілерге өзін жақсы жағынан байқатты.Тактикасы мен таланты халықаралық деңгейдегі қатысушылармен пара-пар.Грэпплинг облыс орталығында  8 жылдан бері ойдағыдай  дамып келеді. Біраз жыл бойы біз оқ бойы озықтардың қатарынан көрініп жүрміз.Қазіргі уақытта  Ақтөбе мен Алматы және Астана қалаларының  күшті сайыпқырандарымен  бәсекелеспіз.

Кіл мықтыларды іріктеген жарыстан  спортшыларымыз 12 алтын және 12 күміс пен 9 қола медальды қанжығаларынан байлап қайтты. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді.Ал екінші орынды Қырғызстан командасы еншілеген..Соңғы үштікке Ирандықтар табан тіреді. Айта кетейік, грепплинг - ережесіз жекпе-жекке ұқсас спорттың бір түрі. Мұнда спортшы қарсыластарына соққы жасап, күш қолданбайды. Нағыз техникалық шеберлік пен ақылдың спорты.Грепплингте дзюдо, бразилиялық джиу-джитсу, еркін күрес пен самбо әдіс-тәсілдері қолданылады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...