ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Жерлесіміз Жансай Самағұлов пен Ислам Бозбаев Тунистен олжамен оралды

17:39, 24 қаңтар 2018

Әлемдік аренада ел мерейін асқақтатқан, алтынмен апталған оғландарымыз жеңістен алған әсерін бүгін журналистермен бөлісті

Жиырма бес жасында төрткүл дүние жанкүйерін аузына қаратқан спортшының Тунис төріндегі турнирде тартысқа түсіп, намысты қолдан бермеген жеңісті сәттері тарихта қалды.Ал дүлдүл дзюдошы Жансай Смағұловтың тек алыстан жолдан шаршап-шалдыққаны болмаса, беделі аспандаған сәттерін баспасөз брифингінде журналистерге жасырмай,жайып салды.

Жансай СМАҒҰЛОВ халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Мен қарсыластарыммен  бұрын сан рет кездестім.Сондықтан да  олардың  тактикасын өте жақсы білемін. Әйтседе Өзбекстандық дзюдошылардың қарымы мықты болды. Енді ақпан айында Германияда өтетін тунире дайындаламын. Одан кейін Азия чемпионаттарында өнер көрсетемін. Кереқарыс маңдайы жарқыраған,алтыннан медаль таққан оғланымызға жеңіс оңайшылықпен келмеді. Жансай Смағұлов пен Ислам Бозбаев татами үстінде қарсыластарын қапыда қалдырып, ерледі. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынды иеленді.

Қайдар ҚАНЖАНОВ   «Жас сұңқар» балалар  мен жасөсіпірмдер спорт мектебінің директоры

Айта кетейік ұлттық құрама жарыстан  ек алтын еншіледі. Яғни бірінші орынға қол жеткізді.  Осымен мұндай сәт команданың тарихында екінші рет болып отыр.

Қос палуанымыз  байрағымызды биікке көтерді. Ендеше алтын ұлдарымызға сайыстарда сәттілік серік болғай.

Жанбота РАХМЕТУЛЛА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...