ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҮЗДІК СПОРТШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

17:14, 27 желтоқсан 2017

Спорт саласындағы 2017 жылдың үздік спортшылары мен жаттықтырушылары марпатталды. Биыл облысымыздың оғландары 1000-нан астам жарысқа қатысып, 9000-ға жуық медальге ие болған

2017 жылы облысымыздың спортшылары 9000-ға жуық  медаль  әкелді. Әлемдік және азия ойындарының аренасынан, халықаралық турнирлерден түрлі деңгейдегі медальдерді қанжығаларына байлаған. Солардың қатарында Абылайхан Жүсіпов, Айдова Екатерина, Данил Мусабаев, Нұржан Сейдуали тәрізді белгілі спортшылар бар. Сондай-ақ бірқатар үздік жаттықтырушылар да марапатталды. Бұл жыл Абылайхан  Жүсіпов үшін жеңісті де жемісті болды. Ол – «Азия біріншілігінде» 2-ші орын, ал «Әлем біріншілігінде» жүлделі  3-ші орынды иеленіп, жылды табысты қорытындылағанын айтты. Боксшының ендігі келер жылға мақсаты олимпиадаға жолдама алу.

Абылайхан   ЖҮСІПОВ   «Жылдың үздік спортшысы»

Осы 2017 жылы ең үздік спортшы атағын жеңіп алдымү Осы жылы көптеген жарыстар өтті. Халықаралық жарыстар, атап айтқанда, Азия біріншілігінде 2 орынды иелендім, ал, Әлем біріншілігінде 3 орынды қанжығама байладым. Сол себепті де осы жылды жаұсы нәтижемен аяқтадым деп ойлаймын.

Қарағанды  облысында спорттың 96 түрі бойынша   43 денешынықтыру мекемесі жұмыс істейді.  Оның 41-і олимпиадалық бағыттағы спорттық орталықтар. Бүгінде мыңнан астам спортшы  Қазақстанның ұлттық құрама командасына кіреді.

Қазақ күресмінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бекзат Ахметбеков - «Халық ықыласы»  аталымын жеңіп алды. Ол үшін – 2017 жылы  Алматы қаласында өткен  конфедерация кубогында  командалық  есепте 2-ші орынды иеленуге өз үлесін қосқан. Нәтижесінде  Қарағандылық құрама Евразия барысында чемпион атанды.

Бекзат  АХМЕТБЕКОВ   халықаралық дәрежедегі спорт шебері

2017 жылды жақсы аяқтадық. Осы жылы Қазақстан кубогын ұтып алып, әлем кубогына жолдама алдық. Содан әлем кубогында чемпион болдық.

Соңғы үш жылда  Қарағанды облысы Қазақстандағы мәдениет пен спортты дамытуда ерекше орынға ие. Сондай-ақ спорт саласының өкілдері алға койған жоспарлар мен мақсат көп екенін айтты.

Айдана ДАСТАН 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...