ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ҰСТАЗДАР АРАСЫНДАҒЫ ЖАРЫС

17:18, 28 қаңтар 2019

Қарағанды политехникалық университетінде жоғары оқу орын мұғалімдері арасында волейболдан жарыс өтті. Дәстүрлі шара осымен 5-ші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Мақсат ұстаздар арасындағы әріптестік пен бірлікті нығайту болып табылады. Жарысқа педагогтармен қатар полиция департаментінің ардагерлеріде қатысты.

Күнделікті жұмыс пен білім беру ісінен бір тынбайтын ұстаздар  Қарағанды политехникалық университетінде бас қосты. Дәстүрлі шара осыған дейін Қарағанды медициналық университеті, онан соң Қарағанды мемлекеттік университеттерінде өткен болатын. Енді міне, биылғы шараны өткізу политехникалық университетке жүктелген.

Тілеубек БАҚДӘУЛЕТ, Бөкетов атындағы ҚарМУ аға оқытушысы:

-Дәстүрлі мұғалімдер арасындағы жарыс, берері мол студенттер мен жастарға. Оқытушылар мен профессорлар тек білікті маман емес, сонымен қатар сайыпқыран спортшы екенін көрсетеді. Қарсыластарға сәттілік өзімізге жеңіс тілеймін!

Аға буын ұстаздар бұрын Қарағанды оқу орындары арасында түрлі жарыстан спортакиадалар жиі өтетін дейді. Сәйкесінше, бәсекелес ортада спортқа құмартатындардың да саны көп болған. Бұл шара сол үзілген дәстүрді қайта жалғауға бағытталған.

Аманай МЫРЗАБАЕВ, жарысқа қатысушы:

-Бұл жарыстың мәні зор. Тәрбиелік жағынан жастарға басқа да оқытушылар ға спорттың және салауатты өмір салтының маңызын насихаттау.

Жарыс қортындысы бойынша, бірінші орын полиция департаментінің ардегерлеріне бұйырды. Бұрын тек ұстаздар арасында өткен жарысқа ішкі істер орган өкілдерінің қатысуы жарыстың таныла бастағанын көрсетеді. Алдағы жылы дәстүрлі шара жалғасын табады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...