ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

СПОРТШЫНЫ ЕСКЕ АЛДЫ

17:22, 31 қаңтар 2019

Каратэден ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жерлесіміз Валерий Калининді еске алу кеші өтті. Шараға облыстық каратэ федерациясының мүшелері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жиналды.

Жиналғандар алдымен Валерий Калининнің өмірінен сыр шертіп, спортшының құрметіне ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Онда каратэнің хас шебері саналған Валерий Калининнің медальдері мен Алғыс хаттары, кимоносы қойылды. Шараға жиналған спортшылар мен белгілі жаттықтырушылар атақты тұлғаны сағыншыпен еске алып, ерлігін тілге тиек етті.

Сәбен ӘЛКЕЕВ,  Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

Бұл шараны облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері «Жастар жылы» аясында ұйымдастырып отыр. Мақсаты - осындай белгілі тұлғалардың ерең еңбегі мен ерлігін кейінгі ұрпаққа насихаттау. Сол арқылы жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастыру. Түрлі саладағы жетістікке жеткен жандардың құрметіне арналған мұндай кеш алдағы уақытта да өз жалғасын табады,- дейді ұйымдастырушылар.

Нұрболат АЛДАБАЕВ,   тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі:

Айта кетелік, Валерий Калинин каратэ, қоян-қолтық ұрысынан және еркін күрестен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші болған. Ол аймақтағы осы спорт саласының дамуына өз үлесін қосқан алғашқы бапкерлердің бірі.

Айдана ДАСТАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...