ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

СЕМСЕРЛЕСУ САЙЫСЫ

17:50, 30 қаңтар 2019

Алматыдағы өткен семсерлесу сайысында, жерлестеріміз жақсы ойын үлгісін көрсетті. Қарағандылық спортшылар 3 қола медальге қол жеткізіп,олжамен оралды. Жалпы командалық кадеттер арасындағы сайыс бойынша аймақ командасы бірінші, ал жасөспірімдер арасындағы тартыста екінші орынға табан тіреді.

София Спичева жақында өз командасымен қазақстандық семсерлесу  жарысынан оралды.Бұл сайыста жас спортшы үшінші орынға қол жеткізді. Ол жалпы команданың екінші орын алып, күміс жүлдеге ие болуына өзінің мол үлесін қосты.София спорттың бұл түрімен 5 жылдай бері айналысып келеді.Алда оның ауқымды жоспарлары бар. Кадеттер арасындағы Азия чемпионатында әлем кубогы үшін күреспек.

София СПИЧЕВА,  Қазақстанның үш дүркін чемпионы:

-Әлем кубогы үшін ойынға санаулы уақыт қалды. Менің алдымдағы мақсатым, нәтижелі ойын көрсету арқылы жеңісеке жету. Мол тәжірибе жинау. Қазір дайындық үстіндемін. Алда, Азия ойындары, одан кейін Әлем чемпионаты тұр. 

Бұл сайысқа Қазақстаннның 7 аймағынан  87 спортшы қатысқан. Оның 14-і Қарағанды облысынан. Бір айта кетерлігі, қатысушылардың дені «Жалын» спорт мектебінің тәрбиеленушілері екен. Ол 2003 жылы ашылған. 15 жыл ішінде жаттықтырушылар 20-дан астам спорт шеберлерін дайындаған. Оның 39-ы спорт шеберлігіне кандидаттар. Бұл мектепте бүгінгі күні 115 семсершілер дайындық үстінде.

Виктор ЕГОРОВ, семсерлесу спортының  аға жаттықтырушысы:

-Осы уақыт аралығында қатысушы балалар өздерін жақсы ойыншылар  ретінде  көрсете білді. Айтып өтсем, Қазақстан Республикасының негізгі құрама командасы мен бірлесе отырып, әлемдік аренада жоғары ойын үлгісін көрсету басты мақсатымыз болып, табылады.

Қазір, Қарағанды облысының командасы Қазақстан бойынша өтетін жазғы спартакиадаға дайындық үстінде. Олардың басты міндеті -Олимпиадалық ойындарға қатысуға жолдама алу. Ол, 2020 жылы Токиода өтпек. Бір айта кетерлігі, Қазақстанның ұлттық құрамасына біздің аймақтың 17 спортшысы қатысады ,-деп күтілуде.

 Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...