ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«Сарыарқа» хоккейшілеріқытайдың «Хэйлунцзян» командасынан айласын асырып, тағы жеңіс тұғырынан көрінді

15:31, 25 қаңтар 2018

Бұл жолы Қарағандылықтар 2:1 есебімен алға шықты

Соңғы кездесулерін жеңіспен аяқтаған «Сарыарқа»  құрамасы алғашқы минуттардан-ақ тартысты ойын көрсетті. Мұз айдынында қытайлық команда да қапыда қалмай тойтарыс беруге тырысты. Қарағандылық шайбашы Даниил Ердаков ойынның  6-шы минутында есеп ашып, жанкүйерлердің мерейін үстем етті. Екінші айналым қытайлықтар үшін сәтті басталды. Ойынның 20-шы минутында Харбиндік  Ян Ху есепті теңестірді. Бірден қарағандылық «Сарыарқа» командасы жылдамдықты арттырып, шабулды үдете түсті. Қорытынды кезең Қарағандылықтар пайдасына шешілді. «Сарыарқаның» хоккейшісі Евгений Назаркин қарсыластар қақпасына шайбы салып, есепті арттыра түсті. Осылайша, ойынның нүктесін қойып, тартысты дода 2:1 есебімен аяқталды.

Евгений  НАЗАРКИН      «Сарыарқа»  ХК-ның  қорғаушысы

Ойын тартысты болды. Біз жаттықтырушының барлық нұсқауларын орындап, барымызды салуға тырыстық. Осылайша, ойынды жеңіспен аяқтадық. Осы қалпымыздан таймай, жеңіс тұғырында көрінуге тырысамыз. Жанкүйерлерге алғысымызды айтамыз. Сіздердің қолдауларыңыз бізге өте қажет.

«Сарыарқа» командасының келесі кездесуі 31 қаңтарда Ангарск қаласында өтеді. Жерлестеріміз бұл жолы  «Ермак» құрамасының хоккейшілерімен  қарсылық танытпақ.

Айдана ДАСТАН 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар