ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ӨТКЕН ЖЫЛДАҒЫ ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР

16:00, 16 қаңтар 2019

Өткен жылы Қарағанды облысының 28 мыңңан астам спортшысы жарыстарда толайым табыстарға жетіп, қоржынымызға 8 мың медаль салынған.

Азия ойындарына Қазақстан құрамасына 34 қарағандылық спортшы енген болатын. Қай сайыста болмасын төбе көрсетпей қалмайтын спортшыларымыз бұл жолы да абыройды асқақтатып қайтты. Нәтижесінде,  облыс құрамасы Индонезиядан 1 алтын, 3 күміс және 7 қоламен елге олжалы оралды.

Дмитрий КАРПОВ, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы:

-Облыс құрамасы алған үш күміс жүлде Жансай Смағұлов, Ислам Бозбаевпен Санжар Жапаровтарға тиесілі. Өте жақсы көрсеткіш. Мықты спортшылар бақ сынаған жарыста жеңісті қолдан бермеген тағы жеті қоламыз ба.

Азия ойындарының тарихында бірінші рет біздің спортшылар тауға өрмелеу және джиу-джитсу бойынша бақ таластырып, жүлдеге ие болды.    2015-ші жылғы Әлем чемпионы, самбо бойынша халықаралық санаттағы спорт шебері Бейімбет Қанжанов қанжығасына қола медаль салды. Ал, 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Бағлан Ибрагим жалғыз алтынға ие болды.

Ерлан ҚОШАНОВ,  Қарағанды облысының әкімі:

-Біздің облыстың белді спортшыларысыздар. Байрақты жарыстан кейін кездесіп отырмыз. Өте жақсы нәтижемен елге оралдыңыздар. Үлкен рахмет.

Халықаралық Гран-При турнирінде екі бірдей жерлесіміз жеңіске жетті. Тунис төрінде даңқты дзюдошыларымыз Жансай Смағұлов пен Ислам Бозбаев қазақтың абыройын асқақтатып, алтынан алқа тағынды. Байрақты бәсекеге 46 мемлекеттен  300-ден астам  дзюдошы қатысты. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды. Әлем чемпионатынан екі бірдей қарағандылық акробатика шебері жеңіспен оралды. Бельгияда өткен байрақты бәсекеде жерлестеріміз Никита Амоскин мен  Анастасия Долганюк бірінші орынды иеленді. Антверпен қаласында акробатшылар еліміздің абыройын асқақтатты. Новосибирск қаласында өткен тартысты турнирде Қарағанды қаласының балғын боксшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді. Жалпы жерлестеріміз жарыстан 14 медаль еншіледі. Олардың арасында 4 спортшы алтыннан алқа тағынды.   

Сержан ШЕРХАН, боксшы:

-Жартылай финалда ресейлік боксшымен шықтым.Мен үшін кездесу өте қиынға соқты. Дегенменде еңсемді түсірмей,есемді жібермедім. Ақтық сындағы қарсыласыма беріспеуге тырысып баққаныммен, бәрібір алдыртпады.Сәл-пәл  шеберлігім жетіспеді.

Өткен жылы Қазақстан құрамасы мұз астынан қармаққа балық аулау бойынша Әлем чемпионатында алтыншы орынға ие болды. Балықшылар екі кезеңде 41,150 келі балық  аулап үлгерген.  Жарысқа    облыс әкімі Ерлан Қошанов арнайы барып, ұйымдастырушылармен кездесті. Жерлесіміз, балуан Ержан Шынкеев  «Қазақстан барысы-2018» атағының иегері атанды. Еңселі елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орайластырылып өткен биылғы додада еліміздің ең мықты деген 37 спортшы бақ сынадыАйта кетейік, Ержан Шынкеев осыған дейін «Қазақстан Барысында» бір рет күміс белбеуді жеңіп алған болатын

Ержан ШЫНКЕЕВ,  «Қазақстан барысы»  жеңімпазы:

????Сөзі: «Я очень хотел выиграть и рад, что сумел добиться победы. Каждый год был близок к тому, чтобы завоевать чемпионский пояс, но раз за разом останавливался в шаге от успеха. Сегодня мне удалось одолеть моих соперников. Для меня ключевой стала схватка против Айбека Нугымарова. Описать словами финальный поединок трудно, он, действительно, дался мне очень нелегко». /ВСТРЕЧА С ЧЕМПИОНОМ   

Үстіміздегі жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінің спорт мектебінде бокс шаршы алаңы ашылды. Ал Сұрыптау елді- мекенінде жеті жыл қаңырап тұрған ғимаратты кәсіпкерлер спорт кешеніне айналдырды.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ,  Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

-Кәміл сенемін. Жастардың, бүлдіршіндердің көк туымызды өз деңгейлерінде көтеретіндеріне. Жаңа жаттығу залы құтты болсын.

Қарағандыда «Туған жер» спорттық керуені өтті. Аймақтарда салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында белгілі спортшылар ерікті түрде шараға ат салысты.  Олар жастармен кездесіп, тәжірибелерімен бөлісіп,  шеберліктерін көрсетті.

Айдана ДАСТАН, тілші

-Бүгінгі танда Қарағанды облысында 3000-ға тарта спорттық нысан бар. Оның 1000-ға жуығы ауылдық жерде орналасқанын айта кеткен жөн. Ал өңірде 2020 жылға дейін спорттық-сауықтыру орталығын ашу жоспарланған. Сондай-ақ, Жезқазған, Шахтинск, Теміртау, Саран қалаларында  спорттық ғимараттар бой көтереді деп күтілуде.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...