ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Олжамен оралды

13:30, 16 наурыз 2018

Павладар облысында жетінші қысқы универсиада өтіп, оған республиканың 40 жоғары оқу орнынан 2 мыңнан астам студент қатысты

Турнир жеңімпаздарыының арасында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрама командасы да бар.  Спортты жанына серік еткен студениттер  тобы үшінші орынды  иеленді. Республикалық универсиадада спорттың 8 түрінен ерлер мен әйелдер командалары сайысқа түскен. Қазақстан бойынша,40 жоғары оқу орнынан 2 мыңнан астам студент өз бақтарын сынады.

Универсиада нәтижесінде ҚарМУ-дің құрама командасы үшінші орынды иеленді.Студенттер ерлер командасы арасынан қысқы  шағын футболдан бірінші орынды, баскетболдан екінші орынды, иеленіп,елге олжамен оралды.

Жанболат БОЖИК ҚарМУ-дың кафедра меңгерушісі  

Шағын-футболдан командалық сайыста біз 1-орын алдық. Ең жақсы спорт түрлерінің бірі осы болды. Күресте, біздің студенттеріміз төртінші, баскетболда үшінші орынға ие болды. Нәтижесінде, біздің студенттеріміз командалық есеп бойынша,үшінші орынды иеленді.

Жетінші қысқы универсиада да ҚарМУ-дің студенттер командасының биік тұғыдан көрінуі, облыс мерейін үстем етті. Айта кету керек, дарынды спортшыларға оқу орнының басшылығы үнемі қолдау көрсетіп  отырады.

СЕЙІТҚАЛИ ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...