ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Кеншілер шахарында Қарағанды облысы әкімінің жүлдесі үшін студент - жастар арасында ХІІ облыстық спартакиада жалауын көтерді

14:23, 27 ақпан 2018

Астана қаласының 20 жылдығына орайластырылған бұл дүбірлі додаға өңірдің он жоғары оқу орындарынан спортқа бейім жастары қатыспақ

Биыл спартакиаданы ҚММУ қабылдап алды. Алдымен студенттер сап түзеп, салтанатты шара шымылдығы жылы лебізге толы құттықтаулармен ашылды. Жарысқа өңіріміздің әр қаласынан 126 студент қатысып, спорттың 13 түрінен сынға түспек. Оның ішінде қысқы спорт ойындары мен  асық ату, үстел теннисі, шахмат, шағын футбол бар. Қазылар құрамында да білікті мамандар топтасқан.

Нұрлан ТҮСІПОВ  сайыстың бас төрешісі

Сайыстың ауқымы кең. Барлық сәт бақылауда болады.

Ағымдағы жылы спартакиаданың ауқымы кеңейіп, Жезқазған қаласының өзінен 4 команда келіп, сайыс көркін қыздыра түсті. Ал, 2012 жылдан бері  жарыста соңғы орыннан көрініп жүрген теміртаулық жастар биыл тың дайындықпен келіпті. Басты мақсат - жіберген есені қайтарып, үздік үштіктен көріну -дейді олар.

Дәурен ҚҰРБАНБЕК  ҚМИУ студенті /Теміртау қаласы/

Мен үшін облыс әкімінің жүлдесі өте маңызды. Барлық дайындығымды көрсетіп, жеңіске жетуде аянып қалмаймын.

Аталған спорттық сайыстарға белсенді, спортта өзіндік қолтаңбасы бар облыстағы жоғарғы оқу орындарының студент жастары қатысуда. Спартакиаданың негізгі мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау,  достық пен сенімді нығайтып, бұқаралық спортты дамыту.

Нұрлан ӘШІРБЕК дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы 

Дәстүрлі облыс әкімінің жүлдесі облыстық спартакиадағы 13 команда қатысуда.

Студенттердің тартысты бәсекесі кезінде  спартакиаданың жеңімпаздары республикалық сайыстарға жолдама алмақ. Ал, осымен соңғы алты жылда бірінші орынды ешкімге бермей келе жатқан ҚарМУ жастары дәстүрге айналған жеңісті биыл да біз иеленеміз деп отыр.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...