ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағандыда «Кеншілер астанасының кубогі» атты республикалық киокушинкай каратеден сайыс өтті

09:43, 27 ақпан 2018

Жарыстар осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр

Биылғы жылы оның ауқымы кенейді. Сайысқа 1000-нан астам спортшы қатысты. Киокушинкай  каратэ турнирінің  ашылу рәсімі үлкен қуанышты оқиғамен басталды.  «Кеншілер астанасының кубогіне» қатысушылар саны көп болды. Спорт шарасының салтанатты ашылуы, сәтті басталды.Оған 5 жастан бастап, 1300 спортшы қатысып, бақтарын сынады.Сайыс өте қызықты өтті.Техникалық әдіс-тәсіл қолдану да әдемі көрініс тапты. Бұл әдіс айрықша сезімді,тыныштықты қажет етеді.Өз күшіне деген сенімділікті арттырады.Әрине ол, үнемі дайындықты қажет етеді.Қатысушы,Санэси Валерий Сонников 20 жылдан астам уақыт бойы киокушинкай каратэмен айналысып келе жатқандардың бірі

Валерий СОННИКОВ сайысқа қатысушы

Сіз женген кезде, өзіңізді сенімді сезінесіз.Алғашқыда 2 ия болмаса 3 тақтайды сындырасыз. Одан кейін сатылап қосып отырасыз.

Бұл «Шахтерлер астанасының кубогі» үшінші кезеңі.Және әр кезде спортшылардың саны өсуде.Бұл жолғы  байқаудың құрметті қонағы - Қазақстанның Киокушинкай каратесі, Бүкілқазақстандық  ұйымның президенті,  қара белбеудің жетінші иегері Тәжімұрат Найзабеков.

Тәжімұрат НАЙЗАБЕКОВ БҚКК-нің президенті

Мұның ішінде балаларымыз 6 жастан бастап жоғары. Кеше ғана 6 жастан бастап 10 жасқа дейін жоғары өткіздік. Оған «где-то» 700 адам қатысты. Бүгін, міне, 10 жастан жоғары. Оған 800-ден астам бала қатысып жатыр. Бұл айта кетсек, бұл турнир біздің біріншіден дайындығымыз.

Киокушинкай ептілікпен күштілікті талап ететін каратюнің бір түрі.Бұл спорт түрінің қиындығына қарамастан ашық біріншілікке  қатысқан қыздар қатары қалың.Бірақ арулар жекпе-жекпе шыққанда қолмен бетке соққы жасамайды. 

Әзел САҒЫМБАВА  турнирге қатысушы ( Қостанай қ.)

Маған мектепке сэнсей келіп, каратэмен шұғылдануға шақырды. Мен әлем чемпионы атанғым келеді.

Жарыста татамиге  ересек каратэшілер шиыршық атып шықты. Сайыста сынға түскендердің дені  дүбірлі додалардың жүлдегері.Ал Заңғар  Әнуарбек киокуншинкаймен екі жылдан бері айналысып келеді. Деседе оған   бәсекеде бірінші кездесу оңайға соқпапты.

Заңғар ӘНУАРБЕК  турнирге қатысушы  (Қарағанды қ)

Енді менің қарсыластарым өте мықты болды. Оңай деп айтпаймын. Бірақ өзім жақсы дайындалуға тырыстым тренировкалармен.

Ұйымдастырушылар аталған турнирдің жүгін  салмақпен сезініп асқан  жауапкершілікпен дайындалыпты.  Биыл алтыншы шілде күні Қарағандыда  балалара мен жасөсіпірмдер  арасында әлем чемпионаты өтеді. Байрақты додаға  20 мемлекеттің спортшылары қатысады.

Сейітқали ӘШІМ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...