ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды қаласының жеңіл атлеті - Аделина Ахметова Тегеранда өткен Азия чемпионатында бас жүлдені жеңіп алды

14:58, 15 ақпан 2018

19 жастағы спортшы, 400 метрлік эстафеталық додада құрлықтың үздігі екендігін дәлелдеді

Ол – өңірдегі олимпиадалық даярлау мектебінің шәкірті.  Қазіргі таңда Аделина Өскемен қаласында өтетін чемпионатқа қызу дайындық үстінде. Аделина Ахметова –  жеңіл атлетикамен  айналысып жүргеніне 5 жыл болды. Оған дейін спортшы қыз жүзу, футбол мен дзюдо сияқты спорт түрлерімен шұғылданған. Соған қарамастан, жас атлет,  облыстағы ең үздік желаяқтардың бірі. 14 жасында спорт мектебіне түскен жеңімпаз, бүгінде аймақтың мақтанышына айналды.

Юрий МАШТАКОВ  бапкер

Жарты жылдан кейін-ақ бұл қыз жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе бастады. Сонымен қатар, ол кедергі арқылы жүгіруге машықтанған. Жалпы  техника мен ритмиканы бірге алып жүретін жеңіл атлеттер сирек кездеседі.

Азия чемпионатына 23 елден 300 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы топтық жарыста өзге командалардан алға суырылып шықты.  Ал, Аделина Ахметова болса 400 метр қашықтықты жүгіріп өту эстафетасында жүлделі орынға ие болды.

Аделина АХМЕТОВА   жеңімпаз

Онда бейне түсірілім жүргізуге рұқсат берілмеді. Яғни, бұл чемпионата өте қатаң ережелер болды. Онда тек өздерінің арнайы камералары қойылады, солар арқылы спортшыларды қадағалап отырады. Егер төреші келіп арнайы сызықтан шығып кеттіңдер десе біз оның сөзіне сенуіміз керек.

Бүгін де жас атлет, Ұлыбританияда өтетін әлем чемпионатына қызу дайындық үстінде. Аталмыш дода наурыз айына жоспарлануда.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...