ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

Қарағанды қаласында балалар спорт киімінің ең үздік дизайнері анықталды

16:08, 1 ақпан 2018

Тұңғыш рет өткізілген сән байқауында 20 - ға жуық үміткер өтініш білдірген. Ақтық мәреге төрт адам іріктелген. Шара барысында кішкентай сәнқойлар тігінші шеберлердің қолынан шыққан түрлі түсті киімдерін киіп, көрермендердің көзайымына айналды

Сымбат Жақсыбаева – жас дизайнер. Осы салада еңбек еткеніне 1 жылдан асты. Аталмыш байқауға «Алтын» және  «Қола» атты коллекцияларын ұсынды.  Бұл оның бесінші сән топтамасы. Спорттық киім сұр және көк түсті маталардан тігілді. Бұл туындының басты ерекшелігі – тек «Қазақстан» деген жазумен шектелмей, жұмысына ұлттық ою-өрнектермен әсемдеген. -Жарысқа арналған топтаманы бір ай көлемінде тігіп шықтым,- дейді балалар киімінің дизайнері.

Сымбат ЖАҚСЫБАЕВА,  дизайнер

Біз «Kalima Collection» деген дизайнердің киімдерін тігеміз. Біз бүгінгі шараға қатысып отырмыз. Бұл шарада спорттық балаларға арналған киімдер тігілуде. Үш комплеттік киімдер тігіледі. Үсті мен асты спортивка, жилетка мен куртка.

Байқау барысында дизайнерлер ұсынған киім үлгілері көңілден шықты,- дейді қатысушылар. 8 жастағыАрнұр Мейірманов жас та болса  қазақи нақышта тігілген спорттық киім өзіне ұнағанын айтады.

Арнұр МЕЙІРМАНОВ, модель

Мынау киім өте ұнайды. Өте ыңғайлы. Маған осы конкурс ұнайды.

Байқауда4 дизайнер сән үлгілерін көрсетті. Бір  ерекшелігі үміткерлер спорттық киімдерді заманауи әрі ұлттық нақышта көркемдеген. Ұйымдастырушылар: киімдер сәнді,әрі ыңғайлы болу керек - деп талап  қойған. Сондықтан олар бір-бірінен ерекшеленуге тырысыпты.Әділ-қазы алқасы да  оң пікірін білдіруде.

Ирина НЕЧАЕВА., ұйымдастырушы

Прям таких стандартов ... АУДАРМА:  - Балаларға арналған спортық киімдерге белгілі бір стандарттар қойылмаған. Әлбете, ол біріншіден денеге қонымды болуы тиіс. Біздің балалар онымен спортпен айналысқанда еш қысылмауыкерек. Сонымен қоса, біздің климатқа сәйкес болғаны дұрыс.

Наталья СУХОРУКОВА, ​Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Спорт бұл әдемілік. Бұл да сәннің бір түрі. Салауатты өмір салтын ұстануға өз септігін тигізеді. Үлкен жетістіктерге жету үшін биік шыңдарға апарады.

Алғашқы ашық қалалық байқаудың қорытындысы бойынша «Патриот» топтамасымен Наталья Белокопытова жеңіске жетті.  Байқаудың жеңімпазына жүз мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді .Ендігі жерде ол өзінің брендтік киім үлгілерін шығаруға мүмкіндік алды.

Дина ӘБДІҒАЛИ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...