ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ

16:58, 30 қараша 2021

"Жасампаздыққа толы жылдар". Дәл осындай атаумен зияткерлік ойыны өтті. Онда ауыл әкімдері мен қалалық, облыстық мәслихаттың депутаттары білім сайысына қатысты. Іс-шара Тұңғыш Президент күні мен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды

"Жасампаздыққа толы жылдар" атты зияткерлік ойыны бірнеше команданың қатысуымен өтті. Олар 5 кезең бойынша білімдерін ортаға салды. Үміткерлердің барлығы мемлекеттік қызметшілер мен қалалық, облыстық мәслихаттың жас депутаттары және партия ардагерлері екен.

Қадиша ОСПАНОВА, «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Бүгінгі біздің ойыншылар жас депутат, жас әкімдерден құралған. Сондай-ақ, партия ардагері қатысады. Басты сұрақ Ел Тәуелсіздігі мен біздің еліміздің жеткен жетістіктері бойынша болады. Креативті жастардың ойын, мақсатын айқындап, оларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның дамуына үлес қосу.

Зияткерлік ойын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Елдіктің жеті тұғыры" қағидаттар жиынтығы мен «Нұр Отан» партиясының саяси кеңейтілген отырысының қорытындысына бағытталды. Жобаны мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облыстық филиалы мен "Жас Отан" жастар қанаты ұйымдастырды.

Серікжан БАЙБОСЫНОВ, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облыстық филиалының директоры:

- Бұл іс-шара бізге не береді деген сұрақ туындауы заңды. Біз мына Тәуелсіздік жылында дүниеге келген білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті жастарды әрқашан қолдауымыз керек. Сондай-ақ, бұгінгі ойынға аға буын өкілдері де қатысады. Біздің осы ұрпақтарымыз еліміздің аңсап жеткен, бабаларымызыдың қаны төгіліп, үлкен жеңіспен келген қасиетті тұғырлы Тәуелсіздігіміздің бағасына жетсе дейміз.

Саяси аренада білімдерімен додаға түскен жастар мен партия ардагерлеріне арнайы сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

 Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар