ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЗИРАТ ӨРТКЕ ОРАНДЫ

12:12, 8 шілде 2021

Күннің ыстығы ма, әлде қасақана ма? Қарағандыда түсініксіз жағдайларда зираттар отқа орануда. Ұқсас оқыс оқиғалар облыстың екі бірдей ауданында тіркелген. Мәселен Көкпекті ауылының зиратында 900 шаршы метр аудан жанып кеткен

Зират христиандар мен мұсылмандарға ортақ.  Мұнда шамамен жүзден астам бейіт бар. Жалынның зардабын марқұмдардың жақындары  келіп жөнге келтіруде. Ағаш қоршаулардан түк қалмаған, ескерткіштердің бетін күйе басыпты. Тұрғындар бұл қасақана жасалған әрекет деп күдіктенуде.

Михаил БУТОРИН, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Туысқандарымыз зиратта өрт болып жатыр деп хабарласты. Енді төтенше жағдайдан кейін барлығын өз қолымызбен қалыпқа келтіріп жатырмыз. Қайтадан қоршауларды бояп, аумақты тазартамыз. Отпен ойнауға болмайды ғой, тіпті тұтанған темекіні де далаға лақтырсаңыз, соңы осындай болуы мүмкін

Гүлнар ЫСМАҒҰЛОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Жасым 67 – де. Мұндай жағдайды өмірімде бірінші рет көруім.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 25 құтқарушы мен 4 бірлік техника жұмылдырылған. Бір қызығы, жалын кейбір бейіттерді шарпыса, кейбірін айналып өткен. Мамандар жалын ашық от көзінен шыққанын растады. 

Нұрлан БЕКБОСЫНОВ, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-Қураған шөп қой айнала. Қасақана ма, әлде абайсызда ма белгісіз. Бәлкім біреу аумақты жинап, қалдықтарды тұтатқан шығар. Жалын ашық от көзінен болғаны анық.

Енді тұрғындар өз қаражаттарына зиратты қалыпқа келтіретін болады.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...