ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕН

16:44, 4 мамыр 2021

Қарағанды қаласында жылжымалы медициналық кешен мереке күндері орталық саябақтағы қала тұрғындарының вакцина алуына септігін тигізді. Саябақта екпе қабылдағандар кімдер? Олардың вакцинадан кейінгі жағдайы қалай?

Дәрігерлер алдымен вакцина алуға келушілерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сауалнама толтырған соң тұрғындар тиісті «спутник-v» екпесін алды. Вакцинаны салдырғандарға арнайы бақылау орындары бар. Олар жарты сағатқа дейін дәрігердің қарауында болады. Мамандардың айтуынша, күн санап, өз еркімен келіп, екпе қабылдайтындардың саны артуда.

Қайыргелді Сәбитов қала тұрғыны. Ол бүгін «спутник-v» екпесін ерікті түрде қабылдады. Осыған дейін де коронавируспен ауырмаған. Тек айналамдағы жақындарымның саулығы маңызды болғандықтан шешім қабылдадым, - дейді.

Қайыркелді СӘБИТОВ, қала тұрғыны:

- Ешкім мәжбүрлеген жоқ. Өзімнің отбасымның, ата-анамның қауіпсіздігі үшін екпе алдым. Қазір жағдайым жақсы. Әзірге ешқандай қарсы реакция жоқ.

Жылжымалы медициналық көлік барлық заманауи қажетті құрылғылармен қамтаамасыз етілген. Ішінде 7 түрлі қызмет көрсететін кабинеттер бар. Ультра дыбыстық зерттеу аппараты, зерттеулерге арналған анализаторлармен глюкометр, афтальмаскоп, рентгенмен жабдықталған. Бұлардың барлығы халықтың дер кезінде ағзасындағы індетті анықтауларына оңтайлы. Диагностикалық шағын кешеннің ерекшелігі жарық болмай қалған жағдайдың өзінде генератор аппараты арқылы жұмыс істей береді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы лифт баспалдақтары бар.

Татьяна БАШИРОВА, қалалық алғашқы санитарлық медициналық көмек көрсету орталығының жетекшісі:

 - Қарағанды облысы әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп жылжымалы медициналық кешендеу арқылы екпе жұмыстарын бастады. Біз мереке күндері ғана қаладағы Орталық және Жеңіс саябақтарына барамыз. Ол жерде кез-келген қыдырып жүрген адам келіп, тиісті ақпараттар алып, алдын-ала тексеруден өтіп, қаласа вакцина алуларына болады. Бұл халықты жаппай иммундау аясында жүргізіліп жатқан игілікті шара.

Диагностикалық медициналық кешен облыстың шалғайда жатқан барлық ауылдарын аралап, халықты індетке қарсы иммундауда өте тиімді, -  дейді мамандар.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар