ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ЕГУ ПУНКТІ

12:31, 22 қыркүйек 2021

Теміртау қаласында жылжымалы вакцинация пункті қарқынды жұмыс істеуде. Диагностикалық кешенде алдымен зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдап жатыр

Жылжымалы медициналық пункттер толығымен жабдықталған.  Аталмыш кешен ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап,  шаһардағы үй аулаларын да аралауда. Мұнда медициналық тексеріс пен екпе салдыру үшін тиісті жағдайлар жасалған. Тұрғындардың айтуынша, дәрігерлерге өз бетінше бара алмайтын жандар үшін мұндай игі бастама өте маңызды.  Өзінің бас амандығы және жақындары үшін індетке қарсы екпе қабылдауды құп көргендердің бірі - Гүлім Шағалам. Үш баланың анасы осылайша қауіпті індетпен вакцина салдыру арқылы күресуге ниет білдірген.

Гүлім ШАҒАЛАМ, тұрғын:

-Енді менің үш балам бар.  Жолдасым жұмыста. Біз енді далаға шығамыз.  Адамдармен қарым-қатынас жасаймыз. Сол үшін өзімді және өзімнің отбасымды  аурудан сақтап қалу және алдын-алу үшін осы қадамға бардым. Балаларыма біз арқылы жұғып кетпес үшін де алдым. Кім өз денсаулығынан қорқады, отбасы, туған-туысқандарына өзі арқылы жұқтырып алмас  үшін екпе салдырғаны абзал. Сақтық шараларын әрқашан сақтау керек. Қоғамда белсенді болып, мемлекетімізге үлесімізді қосып жатсақ ол да бір жақсы іс деп ойлаймын.

Қалада осындай 4 вакцинация кешені бар. Күніне орта есеппен 20-дан астам тұрғынды қабылдайды екен. Бүгінгі таңда 62 мың адам екпе салдырған. Осылайша теміртаулықтардың  63% бұл процедурадан өткен.  Жергілікті биліктің сөзінше, қала тұрғындары иммундау жоспарын жыл соңына дейін аяқтамақшы.  

Самат ЗИЯШЕВ, Теміртау қаласы әкімінің орынбасары:

-  Әрбір емханаға  бір-бір автобустан бөлінген.  Бұл автобустар дәрігерлермен, еріктілермен бірге ықщам аудандарды аралауда. Әсіресе зейнеткерлермен жұмыс жасауда. 

Жылжымалы кешен таңнан кешке дейін сауда жасайтын кәсіпкерлер үшін де ыңғайлы. Сондай-ақ екпе салдыруға келгендер үшін тосынсый ұйымдастырылды. Арнайы азық-түлік себеттері үлестірілді. Әсіресе  басымдық зейнеткерлерге берілді. Адам жанының арашасы болған ақ халаттылар осылайша денсаулықты нығайтуға септігін тигізіп қана қоймай, бір сәтке көңіл-күйлерін де бір серпілтіп тастады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...