ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІК

15:49, 6 қыркүйек 2021

Қарағанды облысында алдағы жылыту маусымына дайындық қызу жүруде. Қазіргі таңда қала, аудандарда әзірлік 90%-ды құрайды

Қысқы маусымға әзірліктің бірі - барлық станцияларға отын жеткізу бойынша келісімшарттардың жасалуы болды. Көмір қоймаларға тұрақты түрде жеткізілуде. Қажетті қор бар, - деп сенімді мәлімдеген сала өкілдері, алдағы күзгі-қысқы кезеңге шамамен 4 млн тонна көмір дайындалатынын жеткізді.

Ұлантай ҮСЕНОВ,   облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:

-Сегіз энергия көздерінде 26 қазандық пен 15 турбинаны жөндеу көзделген. 72 қазандық, 693 автономды жылыту жүйесі, 115 шақырым жылу желісі қалыпқа келтірілген. 10 қазандық пен 6 турбинада жұмыстар аяқталды. 13 қазандық пен тағы 6 турбина жөнделіп жатыр.

Қысқы маусымда  6925 көп қабатты тұрғын үй мен 1 350 әлеуметтік нысанды жылу жүйесіне қосу қажет. Бұл жұмыстардың 90 пайызы әзір көрінеді. Энергокешендерді, әлеуметтік нысандар мен ТКШ нысандарын дайындау бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Өңір басшысы бюджеттік және бірінші кезекте білім беру ұйымдары мен медициналық мекемелерге көмірді уақытылы жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,   Қарағанды облысының әкімі:

-Жылыту маусымының басталуына аз ғана уақыт қалды. Жоспарланғанның бәрін уақытында аяқтау керек.  Барлық әкімдер мен облыстық басқармалардың басшылары тіршілікті қамтамасыз ету нысандарындағы жөндеу жұмыстарын аяқтауы тиіс.

Бүгінде өңірдің барлық станцияларында негізгі және қосалқы жабдықтарда жоспарлы күрделі жөндеу жалғасуда. Билік өкілдері қарағандылықтарды қазірден бастап отын қамын ойластырып қоюға шақырады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...