ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

16:23, 20 сәуір 2021

2022 жылдың қазан айында Теміртау қаласындағы Жылу Электр Орталығындағы жетінші қазандықтың құрылысы аяқталады. Бұл жөнінде Жеңіс Қасымбектің «АрсилорМиттал Теміртау» Акционерлік Қоғамының басшылығымен өткізген жиынында мәлім болды

Жетінші қазандықтың құрылысы аяқталса металлургтер шаһарында бұрыннан бар мәселе шешімін таппақ. Ол үзіліссіз берілуі тиіс жылудың төңірегіндегі қиындық. «Арселлор миттал Теміртаудың» басшылары әзірге тендр ойнатылып жатыр дейді. Өткен жылдан бері Подольск машина жасау зауытында Қазандық қондырғылары құрастырылуда. Оның бір бөлігі дайын. Ал, тендрдің қортындысы 28 мамырға дейін анықталмақ.

Биджу НАИР, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас директоры:

-Қазір бізде дайындық кезеңі, тікелей Теміртауда. Осы аптада біз барлық тендерлерді аяқтап, мердігерді таңдау туралы шешім қабылдауды жоспарлап отырмыз. 28 мамырға дейін мердігермен келісімшарт жасау жоспарда бар. Ғимаратты жөндеуді келесі жылдың сәуіріне дейін аяқтағымыз келеді. Біз жоспарға сәйкес әрекет етеміз. Қазандық 22-ші жылдың қазан айының соңында іске қосылуы керек.

Сондай-ақ, екінші жылу электр орталығын алдағы қысқа дайындау мәселесі де көтерілді. Өңір басшысы оны жөндеу жұмыстарына биыл 2,6 миллиярд теңге бөлінгенін айтты. Қазір жұмыс басталып кетіпті.

Владислав ЗАМЯТИН, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ бас энергетигі:

-: Биылғы жылы №6, №5 қазандықтарға күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ №4 қазандыққа кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта № 6 қазандықты 25 наурыздан бастап күрделі жөндеуге шығардық. Қазіргі уақытта біз жоспарлаған көлемнің 23% орындалды. Әзірге кесте бойынша ескертусіз жүреміз. Мердігер материалдармен қамтамасыз етілген. №5 қазандық бойынша 20 маусым мен 28 қыркүйек аралығында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырмыз.

Облыс әкімі алдағы жылыту маусымына дейін барлық қазандық уақытынына кешікпей дайын болуын талап етті. Ол үшін жасалған жұмыс кестесін қайта қарастырмақ.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Жылыту маусымы 15-ші күні басталады. Графиктерді қараңыз. 15 қазанға дейін барлық қазандықтар жөндеуден шығуы тиіс.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар