ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ӘЗІРЛІК

15:36, 20 қыркүйек 2021

Қыр астында қыс маусымы да жақындап қалды. Осыны ескерген қалалық қоғамдық кеңес мүшелері жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатқанын бақылауға алды. Ал, қарағандылық монополистер жылу беру жұмыстарына 100 пайыз дайын боламыз деп сендіруде

Қоғамдық кеңес отырысы алдымен монополистердің жылыту маусымы қарсаңында атқарған жұмыстарының нәтижелерін баяндаумен басталды. Ауқымды істердің бірі, «Қарағанды ​​энергоорталығы» серіктестігінде жөндеу науқаны іс жүзінде аяқталуға жақын. Барлық жоспарланған жұмыстарды 100% орындау 1 қазанға жоспарланған. Қазіргі уақытта 300 мың тоннадан астам көмір сатып алынған.

Сабырғали ЫДЫРЫСОВ,    "Қарағанды Энергоорталық" ЖШС Бас директоры:

-Бүгінгі күні іс жүзінде барлық жөндеу жұмыстары аяқталды. No6 қазандықтың жұмысы 77 пайызға аяқталған. No3 қазандықтың ағымдағы жөндеуі ғана қалды. Өткен қыста кездескен кемшіліктер бойынша биылғы жылы жылу желілерін оқшаулауға назар аудардық. Жұмыстың бірінші және екінші кезеңінде шамамен 1400 метрлік жұмыстар жүргізілуде. Олар 1 қазанға дейін аяқталады.

13 қыркүйектен бастап "Теплотранзит Қарағанды» ​компаниясы өзінің жылу желілерін толтыруды бастады. Бұл жұмыстар бірнеше кезеңмен жүргізілетін болады. Бірінші кезекте Пришахтинск, Сұрыптау, Майқұдыққа жылу беріле бастайды. Одан кейін Оңтүстік-Шығыс, Федоровка мен Михайлов ықшам аудандары мен қала орталығы қамтылады. 2021 жылы "Теплотранзит Қарағанды» компаниясы ​​523 миллион теңгеге 17 шақырымдық желіге жөндеу жұмыстарын жүргізген.

Сейфүл-Мәлік ҚАЗИТОВ,    қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:

-Мен мына сұраққа жауап алғым келеді.  Кейбір құбырлар үйлердің жылу желілері арқылы өтеді. Олардың сапасы жайлы айтудың өзі қиын. Қандай бақылау жүргізіледі? Оқшауланбаған. 90-шы жылдары салынғандары әлі тұр.

Әлішер ИБРАГИМОВ,   «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС директоры:

-Мен сұрақты түсіндім. Біздің жылу желілерінің тозуы шамамен 80 пайызды құрайды. Біз оларды жыл сайын бақылап отырамыз. Жылыту маусымының соңында біз ақауларды анықтау үшін арнайы тексерулер жүргіземіз. Бірден ақауды жоюға тырысамыз.

Қарағанды қаласында әлеуметтік-мәдени 217 нысан қысқы маусымға әзірлік актісін алған. Қысқы көмір отынымен қамту 100 пайызға орындалған. Жылыту маусымына дайындық тұрақты бақылауда болмақ.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...