ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ СӘТТІ ӨТУДЕ

12:09, 19 қараша 2021

Приоезерск қаласында жылу беру маусымы сәтті өтіп жатыр. Биыл №1,2,4 қазандыққа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 86 млн, жергілікті бюджеттен 20 млн теңге қаржы бөлінген

Бұл Приозерск қаласындағы жылу беру орталығы. Қазір 44 жұмыскер 4 ауысымда тапжылмай еңбек етіп жатыр. Қыстың қамын жазда ойлаған жергілікті әкімдік жыл сайын қазандыққа түрлі жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Биыл қазандықтағы су сорғыш ауыстырылып, диаметрі 52-55 болатын ішкі құбыры қайта қалпына келтірілген. Әрі құбырдың сыртқы қабаттары мен ішіндегі сырмалары жаңартылды.

Темірхан АЙДАРХАНОВ, қалалық ТҮКШ Жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:

- Республикалық министерство энергетикада Приозерск қаласы социальный мазут алу тізімінде тұрмыз. Оғанда облыстық бюджеттен ақша арнайы бөлініп, әлеуметтік мазутты сатып алуға ақша бөлінді. Бүгінгі күнде, октябрь айына бөлінген 2 000 тонна толығымен алынды. Мазуттың қоры бүгінгі күнге 3 451 тоннаны құрайды. Күнделікті 51 тонна шығынын есептейтін болсақ, бұл бізге 59 тәулікке жететін болады. Энергетиканың бекітілген кестесіне сәйкес бізде қараша айына да 2 000 тонна бар жоспарда. Оның ақшасы төленген, келісім шарт отырғызылған. Келу кестесіне сәйкес 15 мен 25 аралығында әлеуметтік мазуттың поступлениесі болады.

№4 қазандықтағы экономайзер қайта қалпына келтіріліпті. Бақылау өлшегіш құрылғыларының жаңалануы жұмыс күшін жеңілдетті. Яғни қондырғының көмегімен жағылған жанар-жағармай шығынын операторлар көріп отырады. Сонымен қатар судың жылу температурасын автоматты түрде бір қалыпта ұстап тұрады.

Сергей КУРЕЦ, "Сарышаған СУЖЫЛУ-2014" ЖШС-нің басшысы:

-Біз қазір дұрыс бағыттамыз. Басты мақсатымыз алдымен отын ретінде жағатын жанар-жағармайды азайту. Бұл жобамен қазір жұмыс істеп жатырмыз. Жоба экологиялық зиянды қалдықтарды азайтуға жол ашады. Бастысы облыстық бюджетке де салмақ салынбайтын болады. Жаз бойы қазандық жаңартылды. Приозерск қаласы әкімінің қолдауымен барлық жөндеу жұмыстары кестеге сай уақытында анықталды.

Биыл жылу беру орталығы жанынан жанар-жағармай сақтайтын ангар бой көтерді. Жалпы  Приозерск қаласындағы жылу беру орталығы 76 тұрғын үйді, 27 әлеуметтік маңызды нысан мен  әскери бөлімдерді жылумен қамтамасыз етеді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...