ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЫЛҚЫ – ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ

15:50, 9 қыркүйек 2021

Жылқы өсірсең, толайым табысқа кенелесің. Бұл Түгіскен ауылдық округінің тұрғыны Қынап Ықышевтің өмірлік ұстанымы. «Сұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі үйір-үйір жылқы өсіріп, қымызын тонналап сатып көл-көсір пайдаға кенеліп отыр

Қынап ЫҚЫШЕВ жылқы бағудың  қырын жіпше тізіп, жілікше шағатын азамат. Ол осыдан 8 жыл бұрын ата кәсіпке жеңді түріп, белді бекем буып бет бұрды. Сөйтіп тәуекелшіл фермер 2013 жылы «Сұлтан» шаруа қожалығын құрды. Осылайша қожалық иесі жабы тұқымды жылқыны жайылымға жіберді.

Қынап ЫҚЫШЕВ, «Сұлтан» шаруа қожалығының жетекшісі:

-«Мұғалжар» тұқымды айғыр әкеліп,жылқыны асылдандыру жоспарда бар. Жылқының бейнеті аз. Қыс мезгіліне қамданып жатырмыз.300 тонна шөп түсіріп қойдық.

Төрт түліктің төресі тебінге мықты. Әрі арқаның қысына төзімді. Мұндағы сауын биелер арнайы аппараттың көмегімен сауылады. Шаруашылық қолданысқа енгізілген технология уақытты үнемдейді. Бұған қоса аналық жылқыларды исіндірмей, тап-таза өнім алуына мүмкіндік береді, -  дейді қожалық иесі.

Саят СӘЛКЕБАЕВ, Түгіскен ауылдық округінің әкімі:

-«Құлан» және «Сыбаға» мен «Алтын асық» бағдарламалары бойынша фермерлердің өтініші қолдау тауып,жеңілдетілген пайызбен несиесін алып жатыр.Ауылымыз мал шаруашлығын дамытуға қолайлы аумақ болып саналады.

Өз мамандығына мығым, пысық сауыншы атанып үлгерген Айгүл..... бүгінде күбісін күрпілдетіп, бал қымызын баптап ортақ іске негіз қалауда.  Ауыл кәсіпкері ұлттық сусынды Жаңаарқа ауданымен қатар еліміздің әр өңіріндегі сауда нарығына шығарған.

Ауыл шаруашылығы саласына қарыштап қадам басқан кәсіпкер жылқының санын 400-ге жеткізген. Күзде фермер семіз жабағылары, ту биелері мен байталдарын сатып табысын еселей түседі. Осылайша түгіскендік шаруагер шұрайлы жерде шаруасын шалқытып отыр. Айта кетейік, Түгіскен ауылдық округі бойынша 60-тан астам қожалық мал шаруашылығымен  айналысады.  Олардың басым көпшілігі мемлекеттің қолдауын көріп, ірі қара мен қойға қайтарымсыз субсидия алған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...