ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖҮРСІН ЕРМАН – 70 ЖАСТА

12:20, 25 қараша 2021

Қазақ айтысының қара нары, ақын, қоғам қайраткері Жүрсін Ерманның 70 жас мерейтойына орай әдеби кеш өтті. Тағылымды шараға еліміздің әр өңірінен ақындар жиылып, өңірімізге танымал тұлғалалар табан тіреді

Қарағандылықтар мен қала қонақтары Жүрсін Ерманды тік тұрып қошеметпен қарсы алды. Музыкалық-әдеби кеш көрермендері алдымен қазақ айтыс өнерінің қамқоршысы туралы деректі фильмді тамашалады. Сондай-ақ, Сарыарқаның тұлғасы туралы баяндайтын «Ұлытаудан-Алатауға» атты кітаптың тұсауы кесілді. Елбасы Н.Назарбаевтың шешімімен Жүрсін Ерманға «Мінсіз қызметі үшін» төсбелгісі тағылды.

Қоғам қайраткерінің құрметіне еліміздің айтулы тұлғалалары жиылды. Алғаш болып сөз алған облыс әкімі Жеңіс Қасымбек айтыс өнерінің абызына айналған Жүрсін Ерманның иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,   Қарағанды облысының әкімі:

-Қарағандылықтар үшін, жалпы еліміз үшін Жүрсін Молдашұлының өнерге жанашырлығы, ақындығы мен журналистігі жақсы таныс. Еліміздің айтыс өнеріне танытқан жаншырлық, жасаған

Ұлықбек Есдәулетов, Ғалым Жайлыбай сынды ел ағалары ақ тілектерін өлеңмен,  әнмен жеткізді. Ақын Серік Ақсұңқарұлы да айтыс жанашырына арнайы жырын оқыды.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

-Бүгін біз үшін ғана емес, бүкіл қазақ халқы үшін үлкен мереке. Жүрсін Ерманов – Ұлытау ауданында дүниеге келген және өзінің шығармаларымен бүкіл елді жаулап алған біртуар ақын. Ол айтысты жандандырып, осы фольклорлық өнердің дамуына баға жетпес үлес қосты. Мен оны мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын және шығармашылық шабыт пен ұзақ өмір тілеймін.

Ақын, публицист, айтыскер Жүрсін Ерманның шығармашылық кешінде танымал композиторлар, әртістер, ақындар мен жазушыларға толы болды. Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов ән шырқап, кештің ерекше мәнін аша түсті.

 Аманжол ӘЛТАЕВ,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

-50 жылға жуық айтыс өнерінде жанашырлық танытқан ағамыз көптеген жас таланттарды елге танытты. Жүрсін ағаның қазаққа тән қасиеті, ерекше мінезі, кең көңілі мол ғой. Жүрсін ағаның жанында жүріп көптеген дүниенің куәсі болдық. Біз әрдайым ел ағасына құрмет көрсетуге дайынбыз. Ел ағасына тек алғыс.

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының әртістері автордың таңдаулы өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты. Үш сағатқа созылған тағылымды кешті түйіндеген Жүрсін Молдашұлы өзінің туған өлкесінде мерейтойының кең көлемде аталып өтіп жатқаны үшін Қарағанды жұртына алғысын білдірді.

Жүрсін ЕРМАН,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

-Маған көрсетілген құрмет қатты әсер етті. Осы күндері менімен мерекемді бөліскендердің барлығына рахмет. Қарағанды облысы соңғы жылдары айтарлықтай өзгерді. Барша қазақстандықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын, республикамыздың одан әрі өркендеп, одан әрі дами беруіне тілектеспін.

Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлығының екі мәрте иегері, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегерінің 70 жас мерейтойы бүгін республикалық айтыспен жалғасты. Жүрсін Ерманның өнерге, айтысқа, поэзияға қалдырған қолтаңбасы қашанда биікте тұрары сөзсіз.

 Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...