ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

16:12, 15 қазан 2021

Қарағанды облысында жыл басынан бері 6 жаңа кәсіпорын ашылды. Соның нәтижесінде 1200 адам тұрақты жұымспен қамтылды. Өңірде халықты еңбекке тарту, жұмыспен қамту шаралары қалай жүріп жатыр? Қандай мамандықтар сұранысқа ие?

Өңір өндірісінде өрлеу бар. Осы жылдың соңына дейін аймағымызда  тағы сегіз инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Игі бастаманың арқасында 700-ге жуық жұмыс орны ашылады. Сондықтан металлургия мен өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы саласындағы мамандар аса қажет, - дейді  жауаптылар.

"Сарыарқа" арнайы экономикалық аумағында жұмыс істейтін зауыттардың бірінде екі жылда қызметкерлер саны қалай өзгергені туралы мәлімденді. Кәсіпорын  тау-кен өндірісі диірмендеріне арналған резинометалл қондырғылар  шығарады. Ал зауыт іске қосылғанда 20 жұмыс орыны ашылған.  Қазір еңбеккерлердің саны 40-қа жетті. Келер жылы  жұмыс орындарының саны тағы екі есе артатынын айтады, бас директор.

Қуандық ҚАЗАНҒАПОВ, "Polymet Solutions Corporation" ЖШС бас директоры:

-Біздің негізгі тұтынушымыз – «Қазминералз» және «Қазақмыс»  пен «Қазақ Алтын» және «Алтын Алмаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері. Яғни ел ішіндегі кәспіорындар. Қазақстаннан басқа

 2022 жылы Болгарияға алғашқы қондырғыларды жеткіздік. Бұған қоса Ресей Федерациясында сынақтар өтті. Сонымен қатар Моңғолиямен келіссөздер жүріп жатыр. Бізде жоспарлар өте көп.

Жобалар "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды. Ал компания кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесіне сәйкес субсидияланып, «Даму» Қоры жетпейтін кепіл қаржыға қосымша кепілдік береді. Мәселен халықты жұмыспен қамту мақсатында "Еңбек" бағдарламасы маңызды рөл атқарады. Елдің игілігіне бағытталған  жоба  бойынша 9 айда 32 жарым мыңнан астам адам еңбекке  тартылды. Бизнес идеялар қолдау тапты. Жарқын жобаларға  922 грант берілді.

Төлеу МҰХТАР, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

-Бағдарламаның екінші бағыты - "Жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бойынша өз бизнес жобасын жүзеге асырғысы келетіндерге 2,9 миллиард теңге сомасына 664 шағын несие берілді. Сондай-ақ, жаңа бизнес жобаларды бастағысы  келетіндерге мемлекеттік гранттар берілді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облыста бір грант алушы орта есеппен 2-3 жұмыс орнын құрады. Қайтарымсыз қаржылай қолдаулар ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға беріледі. Сонымен қатар тараптар жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді курстарын өткізеді. Бүгінде арнайы мамандықты меңгерген  түлектердің жұмысқа орналасуы 80% - ды құраған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...