ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

16:03, 19 қараша 2021

Қарағандыдағы «Қарақат» мектеп студиясы Түркияның астанасы - Стамбул қаласында өткен халықаралық байқаудан жүлдемен оралды. Байқауға өнерлі өрендер 48 аталым бойынша қатысты

"Стамбул-Аутум" байқауына Қазқстанның Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларындағы «Қарақат» мектеп студиясының шәкірттері қатысты. Оның ішінде қарағандылықтар этрада-вокал, дәстүрлі ән, ансамбль, жетіген бойынша бақтарын сынады. Өзге де қатысқан шетелдік таланттарды басып озып, жерлес өнерпаздар 21 медаль, 1 кубок, 8 жолдаманы иеленді. Ұстаздарының айтуынша, әділ қазылар ұлттық нақыштағы сахналық костюмдер мен орындалған  ән арасындағы ерекше үйлесілімділікке жоғары баға беріпті.

Бибімәриям МАРАТҚЫЗЫ, эстрада-вокал мұғалімі:

-"Стамбул-Аутум" конкурсқа бізден бөлек мықты деген шетелдің бүлдіршіндері қатысты. Бірыңғай талантты балалар. Балалар екі кезең бойынша жарысты.

Төребек Ерсұлтан дәстүрлі ән аталымында  бірінші орынды иеленген. «Қарақат» мектеп студиясында оқып жатқанына 1 жыл болыпты. Аз ғана уақыттың ішінде мүндай жүлдеге ие болуым көп еңбектің әрі ұстаздарымның жемісі, дейді.

Төребек ЕРСҰЛТАН, "Стамбул-АУТУМ" халықаралық байқауының жеңімпазы:

-Менің жеңіске жеткенім көп дайындықтың арқасы. Әрі ұстаздарымның еңбегі.

"Самғау" домбырашылар ансамблі осы жылдың қыркүйек айында құрылған. Небәрі 2-3 айдың ішінде жүйелі еңбектің арқасында үлкен нәтижеге қол жеткізді.

Ісләмбек РАХАТӘЛИ,  "Самғау" домбырашылар ансамблінің мүшесі:

-Стамбул қаласы өте қонақжай екен. Маған ұнады. Біз онда екі күй секіртпе және көксеректі орындадық. Мен өзіме достар таптым. Қызықты болды.

Жазира ОМАРОВА, домбыра мұғалімі:

-Біздің жас әншілерімізге ұнады. Көптеген елден өнерлі балалар келді. Біз әрине намысқа тырысып, 2 ай толық үзбей дайындалдық. Соның нәтижесінде гран-при және жүлделі орындарды алдық.

Өнер мектебінде  домбыра, шешендік өнер, жетіген, эстрада-вокал, би сыныптары жұмыс істейді. 700 ге жуық жас талант иелері білім алуда.

Айжан АМАНЖОЛОВА,  мектеп директоры:

-Біз балаларды небәрі 4-17 жас аралығында қабылдаймыз. Егер вокалға қатысамын десе, онда ынтасын, слухын тексереміз. Мектептің ашылғанына 1 жылдан астам уақыт өтті. Осы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап мемлекеттік тапсырыстың арқасында мектебімізге келетін оқушылардың саны артты.

Енді жеңіске жеткен жеткіншектер алдағы уақытта Италия елінің Рим және Милан, Болгария қалаларында өтетін фестивальдарға қатысуға мүмкіндік алды.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...