ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖҮКТІ АНАЛАРДЫ БІЛЕЗІКПЕН БАҚЫЛАЙДЫ

15:51, 6 қыркүйек 2021

Қарағандыда енді перзентханаға түскен жүкті аналардың барлығына білезік тағылады. Оның көмегімен денсаулығы сыр берген әйелдер дәрігерге шұғыл белгі бере алады

Дабыл түймелері тек палаталарда ғана емес, сонымен қатар жуынатын бөлмелерде де орнатылған. Сигнал медициналық қызметкерлердің ұялы телефондарына түседі. Перинаталдық орталыққа кіре берісте де шақыру түймесі бар, ол жерден дабыл қабылдау бөліміне түседі. Кезекші дәрігерлер дереу қажетті маманды шақыра алады.

Гүлбан МАМАЛИНОВА, №2 облыстық клиникалық аурухананың перинаталды орталық басшысы:

-Бұл білезік өте ыңғайлы. Егер жүкті әйелдің денсаулығы күрт нашарласа, төсектен тұрудың, үрейленіп, айқайға басудың керегі жоқ. Түймені басса болды, бірден дәрігер келеді. Өткен түнде бір адамға көмек көрсеттік. Қан кетіп, әлсіреген. Абырой болғанда ол дәрігерге дер кезінде белгі беріп, аман алып қалдық.

Мәселен, жарым түнде толғақ қысса, аяқ астынан ауырып қалса, білезіктегі түймені басып, көмек шақырады. Ерекшелігі, оны қуаттаудың қажеті жоқ, әрі су өтпейді екен.

Анна БОСЕНКО, науқас:

-Бұл менің алғашқы жүктілігім. Қант пен жоғары қысымның салдарынан мені мерзімнен бұрын ауруханаға жатқызды. Білезік өте ыңғайлы. Мен оны бірнеше рет қолдандым, өйткені айтолғақ болды. Бір-екі минуттан кейін маған көмекке келді.

Әзірге білезік тек Қарағанды қаласындағы №2 перзентханаға ғана жеткізілген. Жыл соңына дейін өңірдегі барлық клиникаларды қамту жоспарда.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...