ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

12:48, 19 қазан 2021

Майқұдық елді мекеніндегі 10 шақырым жолды жөндеу осы айдың соңына дейін аяқталады. Карл Маркс пен Магнитогорскі көшелерінде жұмыстар жалғасуда. Қараша айынан бастап көлік қозғалысында кедергі болмайды деп күтілуде

Майқұдық елді мекеніндегі басты жол бағытында 95 пайыз жұмыс аяқталған. Осы айдың соңына дейін жұмыстар толыққанды бітуі тиіс. Ал, 14-інші магистраль бағытындағы 800 метр келесі жылы аяқталмақ. Абаттандыру бойынша айтар болсақ, жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.

Рүстем ҚОЖАҚАПАНОВ,   жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары:

- Нысанда барлығы 250-ге жуық адам мен 150 техника жұмыс істейді. Бұл қазіргі уақытта қатысатын адамдардың ең көп саны.

Жолдың жаңа кейіпке енуінде бірқатар өзгерістер бар. Мысалға, осы бағыт бойынша 11 бағдаршам болса, қазіргі таңда олардың саны 21-ге жеткен. Жаңа жол белгілері қауіпсіздікті сақтау, күшейту мақсатында толықтай қамтылған.

Махамбет ОҚАШЕВ,  жекеменшік мекеме директорының орынбасары:

- Тереңдігі бір жарым метрден асады. Өйткені жерасты сулары анықталуына байланысты біз мұнда іргетасты бекіту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Суағарлар қамтылды. Менің ойымша, жасалған жұмыстар оң нәтижесін беруі қажет.

Жүргізіліп жатқан жұмыстарда кепілдік мерзімі қамтылған. Мердігер 5 жыл ішінде жасалған жұмыстың сапасына жауап беріп, сыр берген жерлерді жөнге келтіріп отыруы тиіс. Мамандардың айтуынша, құрылыс барысында отандық өндірістің материалдары пайдаланылған.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...