ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА

16:08, 13 қазан 2021

Майқұдықтағы жол жөндеу жұмыстары екі ауысыммен жүріп жатыр. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек жол жөндеушілерге көліктердің кедергісіз жүруін барынша тезірек қамтамасыз ету міндетін қойды

Жаңа асфальт қазір қала бағытында Көгілдір тоған аумағында салынуда. Құрылысшылар айдың соңына дейін Оңтүстік-Шығысқа қарай өтетін жол айырығына дейінгі бөлікті аяқтаймыз деп уәде беруде.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

-Қарқынды төмендетпеңіздер, жұмыс жоспарын орындау үшін әр күнді барынша пайдалану қажет. Техника және адамдармен қазір сіздерде проблема жоқ, сондықтан жұмыс істемеуге ешқандай себеп жоқ.

Көгілдір тоғандардан Сантехникалық көшесіне дейінгі бөлікте су жиналатын жерлерде нөсер кәрізі орнатылған. 20 бағдаршам қарастырылып,  оның 15-і қойылған.  Жолды 428 тірек пен 328 тротуар шамдары жарықтандырады. 16 шақырым жаяу жүргінші жолы абаттандырылатын болады.

Нұржан ТАСМАҒАМБЕТОВ,   автожолдар секторының меңгерушісі:

-Бүгінде «Сырдарияға» дейін жолдың бір жағында жұмыстар аяқталды, екінші жағына жақында жоғарғы қабат төсей бастаймыз және «Сырдарияға» дейін аяқтаймыз. Оң жағында, Майқұдыққа барар жағында, М-14-ке дейінгі бөлшекте төменгі қабаттар бойынша жұмыстар аяқталды, қозғалыс ашық. Қазір сол жақ бөлігінде жұмыстар жүргізілуде.

Күрделі жөндеумен қатар жарықтандыру тіректерін, жол қозғалысы белгілерін және бағдаршам объектілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде Сантехникалық көшесінен Архитектурная көшесіне дейін және «Қазақтелеком» ғимаратынан Винницкая көшесіне дейін жарықтандыру жұмыстары аяқталған.

Жеңіс Қасымбек сонымен қатар 7-ші магистральды да тексерді. Бұл бағыт бойынша асфальт төселіп, жөндеуден кейін жол бес жолақты болады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
15:27, 26 қазан 2021
ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫ БОЛУ - ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
16:50, 21 қазан 2021
ҚАЗАҚСТАН - БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ МЕКЕНІ
Толығырақ...