ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

12:39, 13 шілде 2021

Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттары облыс орталығының көшелеріндегі жол сапасын назарға алды. Комиссиялық тексеріс барысында халық қалаулылары жауапты мамандарға қандай ұсыныс берді

Биыл Майқұдықтағы  Бабушкина көшесіннің жолына орташа жөндеу жүргізілді. Дегенмен екі жақты жиек тас қойып, аумағын жарықтандыру ескерілмеген. Бұл мәселенің жауабын депутаттар   мердігер компания өкілдерінен сұрап білді.  

Комиссия мүшелері  Күзембаев көшесінде де болды. Бұл күре жолда көліктер көп қатынайды.  Бүгінде мұндағы автомобиль жолының сапасы сын көтермейді.

Депутаттар комиссиялық тексеріс барысында Михайлов, Бәженов көшесінде де болып, көше жарығын тексерді.Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары да талапқа сай болмай шықты. Сондай-ақ,№ 78 мектепке баратын жол өткелінде  «сары-ақ түсті» жол белгісі  белгіленбеген. Жиектастар да жоқ. Осыған байланысты, жаяу жүргіншілер мен оқушылар көлік қатынайтын күре жолдармен өтеді.Бұл адам өміріне қауіпті, - дейді депутаттар.

Бейбіт ҚҰЛМАҒАМБЕТ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты: 

-Жасалған дайын жолдардың да сапасын тексердік. Орташа деңгейде жасалған. Бұл жерлерге де жарықшамадар орнатылып тротуарларды жасау қажет. Барлық мәселелер талқыланды. Күзембаев, Бабушкина, Белинский көшелеріндегі мәселелер шешімін таппақ.  

Комиссиялық тексеріс  қорытындысы бойынша депутаттар жауапты мамандарға  жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау бағытында нақты ұсыныстар берді.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...