ЖОЛ САПАСЫ БАҚЫЛАУДА

12:52, 7 маусым 2021

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының орталығында көше жолдарын жөндеу жұмыстары қарқынды. Бұл мақсатта 85 бірлік техника жұмылдырылған. Жол сапасын облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің өзі арнайы тексерді

Майқұдықтағы Карл Маркс, Магнитогорская көшесіндегі жолдарды жаңғырту биыл аяқталуы тиіс. Ұзындығы 11 шақырым болатын аумақты қайта қалыпқа келтіру шаралары өткен жылы басталған еді. Мердігер компания мамандары қазір «Ұмай» сауда үйінен Мартбек Мамыраев ықшам ауданына дейінгі жол магистралін жаңалауда. Қосымша жылу құбырлары қапталуда. Сонымен қоса, жаяу жүргіншілер жолдары салынуда. Жөндеу жұмыстары толығымен күзде аяқталады деп жоспарланған. Аялдамалар маңайы   абаттандырылып, жарықтандырылмақшы.

Құрылыс сапасын тексеру барысында облыс әкімі 7-ші магистральдегі күрделі жөндеу жұмыстарына баса назар аударды. Ұзындығы 9 шақырымға жуық тас жолда асфальтты шайып кетпеу үшін жаңа су өткізу жүйелері салынуда. Сондай-ақ, көшені жарықтандыру үшін бағаналар орнатылмақ.

Қала әкімінің орынбасары Сәбит Оспанов, облыс басшысына  қазірде алты шақырымнан астам жол салынғанын, 13 су өткізу жүйесі жаңаланғанын баяндады.  

Сәбит ОСПАНОВ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-Біз Терешкова көшесі мен - «Тойота орталығы» және  «Global City» бағытындағы жолдарды жаптық. Енді оларға жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. 15 су өткізетін құбыр салынады. Оның енді екеуі ғана қалды.

Жұмыс барысында облыс әкімі қала үшін тағы бір маңызды жобаның қолға алынғанын айтты. Іске қосылатын үшінші жылу қазандығы Оңтүстік-Шығыстағы жылу тапшылығы мәселесін шешеді.

Сергей ФРИК, жоба жетекшісі:

- Қазіргі уақытта №1-ші жылу станцасының құрылысы басталды. Ол жоба бойынша қолға алынды. Ол жылудың сапалы берілуі үшін қызмет көрсетеді. №3-ші жылу энергия орталығынан Оңтүстік-Шығыстағы тұрғын-үйлерге дейін жалғасады. Бұл жаңа салынып жатқан үйлер мен Майқұдықты жалғайтын құбыр болып табылады.   

Қаланы аралау барысында облыс әкімі Майқұдықтағы   балалар ойын алаңдарының және аулалардың абаттандырылу жұмыстарын назарға алды.  

Сейітқали ӘШІМ

 

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар