ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖОҒАРЫ СҰРЫПТЫ ӘК ӨНДІРІЛЕДІ

15:38, 9 қыркүйек 2021

Қарағанды облысында жоғары сұрыпты әк өндірілетін болады. Зауыт құрылысы жүргізіліп, әк Осакаров ауданында өндіріледі

Осакаров ауданында бой көтеретін жаңа зауытты «Saryopan Operating» ЖШС салады. Техникалық серіктес бельгиялық трансұлттық компаниясы. Жобалық қуаты – жылына 300 мың тонна дайын өнім шығару. Келешекте бұл көрсеткіш 600-ге дейін ұлғайтылмақ. 300-ге жуық жұмыс орны ашылады.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,   Қарағанды облысының әкімі: 

– Бұл өңірге 30 миллиард теңгеге жуық инвестиция, жаңа жұмыс орындары, жаңа технологиялар әкелетін маңызды жоба. Ең бастысы – зауыт қара және түсті металлургияға, химия өнеркәсібіне және басқа да салаларға қажетті өнім шығаратын болады. Бұл өндіріс Осакаров ауданы үшін жаңа өсу нүктесі болатынына сенімдімін.

Бірінші сұрыпты әк өндіру кешені отандық қара және түсті металлургия, шыны өнеркәсібі кәсіпорындарының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Болашақ кәсіпорын өз өнімін тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да жеткізетін болады. Зауыт әктің үш түрін шығарады: кесек, ұсақталған және гидратталған. Негізгі тұтынушылар «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақмыс», «Қазхром» және «KAZ Minerals» компаниялары болады.

Ескендір ҚОЛДАСОВ,    «SaryopanOperating» ЖШС-ның техникалық директоры:

- «Saryopan» кен орны металлургиялық әк өндіруге мүмкіндік беретіндігімен ерекше. Карьер ашық тәсілмен әзірленетін болады. Тау массасы бірден екі фракциялы өндіріске түседі. Үлкен бөлігі – қара металлургияда, ал кішісі – түсті.

Кәсіпорынды іске қосу 2022 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Өндірістік инфрақұрылым зауытқа «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жеткізілуде.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
17:46, 26 қараша 2021
ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXIV СЕССИЯСЫ
Толығырақ...
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
15:50, 25 қараша 2021
ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
Толығырақ...