ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЕЗҚАЗҒАН ӨҢІРІНДЕГІ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАЛДЫ

16:50, 10 қаңтар 2022

Жезқазғанда Төқтенше жағдай режимі аясында жүргізіліп жатқан кешенді іс-шаралар нәтижесінде 1 тұрғыннан пневматикалық қару табылды. Тағы 9 азамат сот шешімімен 5 тәулікке қамалды. Жезқазған мен Сәтбаев бойынша әлеуметтік тізімге енген азық-түлік бағасы төмендетілді. Өндірісті қалаларда барлық кәсіпорындар жұмысы үздіксіз жалғасуда

Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Жезқазған өңіріндегі барлық мекемелерде Мемлекеттік ту түсірілді. Жезді жұртшылығы халықпен бірге қайғыруда. Осы күндері мысты шаһар өмірі  қалыпқа келді деуге болады. Мемлекеттік және жеке меншік нысандар  тұрғындарға күнделікті кестеге сай қызмет етуде. Зауыд-фабрикалар үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көліктер барлық бағытта қатынап жатыр. Дүкендерде азық-түлік тапшылығы байқалмайды. Айтпақшы, қала әкімдігі мен ірі сауда орындары арасында құрылған меморандумға сай, 20-ға жуық әлеуметтік маңызды тағам түрі 7 пайызға төмен бағамен сатылуда. Сонымен қатар, әкімдік жанынан құрылған кул-орталық жезқазғандықтарға тәулік бойы қызмет көрсетуде. Тағы айта кетер жайт, Төтенше режимін жариялаған кезден бастап Жезқазған қалалық полиция басқармасы қызметкерлерімен Төтенше жағдай режимін бұзу бойынша 25 азаматқа қатысты  хаттама толтырылды. 9-зы сот шешімімен 5 тәулікке қамауға алынды. Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында 1 пневматикалық қару тәркіленді. Жезқазған мен Сәтбаевтің шыға  берісінде блок бекеттері қойылды. Қос қалаға кірген - шыққан көліктер мұқият тексеріліп жатыр.  Қалалық полиция басқармасында  тұрғындардан бұл іс-шараларға түсіністікпен қарап, ТЖ режимін барынша сақтауға шақырады.

Сәтбаев қаласында да барлық кеніштер жұмыс істеп тұр. Қалалық ішкі саясат бөлімінде маған қоймада азық-түлік қоры жеткілікті және баға тұрақты деп мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейін, өткен аптада Жезқазған мен Сәтбаев жұртшылығы еңбек-әлеуметтік қатынастарға байланысты наразылық акциясына шығып, зауыт, фабрика, шахталардың жұмысы 1 тәулікке тоқтаған еді. Еңбеккерлер мен билік өкілдері және «Қазақмыс» Корпорациясы басшылығы ортақ  мәмілеге келіп, өндіріс орындары келесі күні жұмысын жалғастырған болатын. Қазір қойылған талапатар қарастырылып жатыр. Біразы қанағаттандырылды. Айталық, 1-ші қаңтардан бастап  «Қазақмыс» Корпорациясы өз еңбеккерлерінің жалақысын 30 пайызға өсіретін болды. Және металлургтер мен кеншілердің ем-домына қатысты бірқатар талаптары орындалады енді.  Ескерте кетейін, өндірісті шаһарлардағы бейбіт шерулер аты айтып тұрғандай бейбіт түрде өтті. Бірде бір тәртіп бұзушылық орын алған жоқ. Қос қалада жылу, су, жарық үздіксіз беріліп жатыр.Мендегі бар ақпарат осы. Студия?

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...