ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЕЗДІ ӨҢІРДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

15:36, 9 қыркүйек 2021

Алдағы бірер жылда Жезқазған – еліміздің логистикалық орталығына айналады. Ал, жыл соңына дейін шаһарда мысты бірегей әдіспен өндіретін гидрометаллургиялық зауыт іске қосылады. Жезді өңірде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар жайлы шаһар басшысы Қайрат Әбсаттаров айтып берді. БАҚ өкілдерімен өткен брифинг қала күні мен Қайрат Бектайұлының әкім қызметіне тағайындалғанына бір жыл толуына орай өткізілді

Қайрат Әбсаттаровтың Жезқазған қаласын басқарғанына тура бір жыл толды. Әкімнің жаңа қызметі пандемия жайлаған қиын-қыстау кезеңмен тұспа-тұс келсе де мысты шаһарда жұмыс тұралаған емес. Әсіресе, коммуникацияны жаңартуға басымдық берілді. Ең өзектісі – жезқазғандықтардың жүйкесін тоздырған сары судың сергелдеңі жақын арада өз шешімін таппақшы.  Жергілікті тұрғындар тәулігіне 72 мың текше метр су тұтынады. Әзірге тіршілік нәрінің сапасы сын көтермейді. Себеп - сол баяғы 60 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген ескі құбырлар.

Қайрат ӘБСАТТАРОВ, Жезқазған қаласының әкімі:

-Жалпы 214 км құбырды ауыстыру қажет. 70 пайызы жаңартылды. Іске қосылуға жақын. Енді 1-2 жылда қала ішіндегі құбырлар да жаңғыртылатын болады. Осы ауызсу мәселесін шешу бойынша  магистральдік деңгейде, гидроцехтік жұмыстар, сонымен қатар қалаішілік құбырларды ауыстыру жұмыстары. Алашахан бойын қазып, қаншама құбырларды салдық. Бізде Аварийный, Дистанционный, 5-ші район бар. Осының барлығы алдында құдықтан су ішетін. Қазір олардың үйлеріне су тартылды. Осылай-осылай біз қала ішіндегі құбырларды жаңарта беретін боламыз.

Қайрат Бектайұлының алға қойып отырған стратегиялық мақсаты - Жезқазғанды моно қала статусынан шығару. Қазір шаһар – тұйықталған қала дәрежесінде. Яғни өзге аймақтармен байланыстыратын сапалы жол жоқ.  Соның салдарынан инвесторлар тарту қиынның қиыны. Бұл мәселе - құрылысы келесі жылы басталатын Жезқазған-Қызылорда тасжолының іске қосылуымен шешілмек. Логистика дамыса – Оңтүстік аймақтармен сауда-саттық жақсарады.

-Бір ғана өндіріске қарау - ол дұрыс емес. Экономиканы әртараптандыру керек. Ол үшін жергілікті жердегі пайдалы қазбалар бар, құрылыс материалдар шығаратын өндіріс орындары бар. Соларға инвесторлар тарту керек. Бізге инвесторлар неге келмейді? Өйткені бізде жол проблемасы бар. Біздің қаланың транзиттік әлеуетін арттыру керек. Жезқазған-Қызылорда, Жезқазған-Қарағанды, Арқалық-Ұлытау тасжолдары салынса, инвесторлар ағылады.

Жезқазғаннның болашағы кемел. «Қазақмыс» Корпорациясы мыс өндірудегі заманауи әдістерді енгізіп жатыр. Айталық, жақында жаңа гидрометаллургиялық закуыт іске қосылады. Бұл дегеніміз қосымша жұмыс орны. Жаңа өндіріс қоршаған ортаға да зиянсыз.

Айзада ОРАЗХАНҚЫЗЫ, тілші:

- Бір сәтке Жезқазғанды мыс зауытысыз елестетейік. Қаланы асырайтын қандай сала бар? «Жезқазғанда жасалған» деген маркамен не өндіріледі?

«Қазақмыс» Корпорациясы қазір гидротехнологияға көшіп жатыр. Гидротехнология дегеніміз мысты реагенттер арқылы өндіру. Мысты балқытпайды, байыту фабрикасына жібермейді. Бұл дегеніміз келешекте бізде мыс зауыты да болмайды, экологияға зияны тимейді. Бұл қатты минералды қалдықтарды қайта өндеуге жол ашады. Қала маңайындағы қоқыстар тазарады. Құрылыс материалдарды шығарады. Менің болжауым бойынша Жезқазғанның болашағы кемінде 50 жыл. 

Жезқазғандықтар айта-айта шаршаған тағы бір мәселе - медицина мамандарының тапшылығы. Осы проблема да өз шешімін таппақ.  Келер жылы шаһарда 45 орындық онкологиялық орталық ашылады. Мұнда науқастарға жезқазғандық мамандармен қатар облыстан келетін 14 дәрігер қызмет көрсетеді.

Жезқазғанның 70 жылдығына орай шаһарды аббаттандыру, көшелеріне асфальт төсеу, аулаларын әсемдеу жұмыстары жалғаса бермек. Бұған қоса «Руханият» аллеясы ашылып, Алаш алаңында Алаш қайраткерлеріне арналған мүсіндер еңсе тіктейді. Бұл бастамалар келесі жылдың еншісінде. 

Айта кетейін, Қайрат Әбсаттаров әлеуметтік желіде белсенді. Ал, халықпен тікелей байланыс орнату үшін ағымдағы айдан бастап Телеграм каналында арнайы чат жұмысын бастамақ. Енді жезқазғандықтар кез-келген сауалына бір сағат көлемінде жауап алатын болады.

Айзада ОРАЗХАНҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
12:17, 7 желтоқсан 2021
ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Толығырақ...
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
11:34, 7 желтоқсан 2021
КӘРІЗ СУЫН ТАЗАРТАТЫН СТАНЦИЯ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
11:44, 2 желтоқсан 2021
ТАЛАПТЫ ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ
Толығырақ...
 «БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
12:48, 3 желтоқсан 2021
«БОКСЕР» ФИЛЬМІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
Толығырақ...