ЖЕРТӨЛЕГЕ СУ КІРДІ

12:16, 8 сәуір 2021

Жертөлеге су кіріп, енді тұрғындар дымқыл ауамен демалуға мәжбүр. Осындай мәселесімен арнамыздың жедел желісіне Майқұдықтың №14 ықшам ауданының тұрғындары хабарласты. Күн күрт жылып, ағын су ауланы басқан көрінеді. Ондағы жағдаймен әріптесім танысып қайтты

Ашынған халықтың жергілікті билікке айтары бұл ғана емес. Үй маңындағы уақытылы тазартылмаған ақ ұлпа еріп, ауланы су басқан. Бұл аздай, әкімшілік суды қапшықтармен бөгеп, артық қылудың орынына тыртық қылыпты. Салдарынан барлық ағын су 39-шы үйдің жертөлесіне бірақ кірген. Осыдан бірнеше күн бұрын үй сыртындағы жиналған судың жартысын коммуналдық қызметтер сорып әкеткен. Ал жертөледегі жағдайға ешкімнің бас ауыртпасы жоқ. Дымқыл мен сыздан опық жеп жүрген бірінші қабат тұрғындары ғана шырылдап жүр.

Анна КРАСНАЩУКОВА, №39-шы үйдің тұрғыны:

- Айтыңыздаршы, мына қапшықтарды олар не үшін қойды? Су мына асфальтты шаймасын деп бөгеп қойды, салдарынан барлық су жертөлеге өтті. Жертөледегі су жөнінде әкімшілік те, пәтер иелері кооперативі де бас қатырғысы келмейді. Бірінші қабатта тұратын барлық пәтерлердің кішкентай балалары бар. Енді дымқыл ауамен демалатынымызда ешкімнің шаруасы да жоқ.

Жертөлеге судың өтуіне тағы бір себеп – су өткізгіш құбырларды қоқыс бітеп тастаған. Аула маңы шашылып жатқан тұрмыстық қалдыққа толы. Мұнда тұратындардың басым бөлігі келімді – кетімді жалдамашылар. Сондықтан, тазалық пен ұжымдық жұмыстарға немқұрайлы қарайтын көрінеді. Бұған қоса, қызмет көрсетуші пәтер иелері кооперативі де жүрдім-бардым қызмет көрсетуде.

Жандос ШҰҒАЙ, №39-шы үйдің тұрғыны:

-ПИК – қа хабарластық, олар біз жауапты емеспіз дейді, әкімшілікке хабарласқанбыз, олар да біздікі емес дейді. Үйде бала-шағаның бәрі сыростьта отырмыз. Суық судың трубасынан да су ағып жатыр. Оны да ПИК-қа айтқанбыз. Үй толығымен ақша жинасын деді. Ал мұндағы тұрғындардың жартысынан көбі жалдап тұратындар. Оларға бәрібір. Былтыр ғана жабыстырған түсқағаздарым көгеріп, ашылып жатыр.

Соңы дауға ұласқан қар суының әлегі түйін табады – дейді атқарушы орган.

Ерік АХМЕТОВ, Октябрь ауданы абаттандыру және жедел басқару бөлімінің бас маманы:

-Жол астынан өтетін құбыр бітеліп қалған. Сол себепті жолға жауапты мердігермен суды өткізу жұмыстары жүргізілді. Ал жертөле бойынша біздің құзыретімізбен, «Қарағанды Су» мекемесімен бірлесіп көмек көрсетеміз.

Ал тұрғын үй маңына ат ізін салмаған ПИК жұмысын әкімдіктегі жауапты бөлім бақылауына алмақ.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...