ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

11:55, 22 шілде 2021

Сербия елінде өткен халықаралық шахмат турнирінен қарағандылық Даниял Сәпенов бірінші орынды қанжығасына байлады. Жарыс 4-16 шілде аралығында өтті. Онда әлемнің 30 елінен 200-ге жуық балауыз спортшылар қатысты

Даниял Сәпенов шахматпен 7 жасынан бастап айналысады. Ең алғаш  оны үйірмеге анасы алып келіпті. Бес жылдың ішінде жас шахматшы біраз жетістіктермен ата-анасын, ұстаздарын қуантып үлгерген. Ал, осы жолы Сербияда өткен әлемдік жарыста бірінші орынды алып, топ жарды.

Даниял СӘПЕНОВ, шахматшы:

-Ең қиын қарсыласым Түрік елінен келген шахматшы болды. Бұл 2010 жылы болған еді. Ол ұзақ уақыт жеңіске жету үшін тырысты. Ойын 5-6 сағатқа дейін созылды.Соңында мен жеңіске жеттім.

Жас спортшының тәлімгері Қарағанды облысының шахматтан аға жаттықтырушысы Виктор Максименко. Ол шәкіртінің өз жасына лайықты жетістіктерді бағындырғанын мақтанышпен айтады.

Виктор МАКСИМЕНКО, Қарағанды облысының Шахмат бойынша аға жаттықтырушысы:

-Әрине, біздің мектептің тәрбиеленушісі Еуропа, АҚШ, Азияның 30 Федерациясынан 200 адам қатысқан осындай турнирді жеңіп алғаны маған өте қуанышты. Даниял біз үлкен үміт артатын спортшылар тобынан болатынына сенемін.

Алдағы уақытта Даниял Сәпенов Мәскеуде өтетін кезекті турнирде бақ сынауға дайындалуда. Бұйырса, Ресей елінен де құр қайтпаймыз, дейді шахматшы.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...