ЖЕҢІС ЖОЛЫНАН ЖАҢЫЛДЫ

15:39, 23 ақпан 2021

«Теміртау» хоккейшілері тұрақты чемпионат кестесіндегі көш соңында тұрған «Қар барысы» командасына есе жіберіп жеңіліс тапты

«Қар барысы»  мұз айдын шеберлері   Теміртау қаласына  чемпионаттың аутсайдері ретінде келді.  Лигада соңғы орында тұрған бұл команда, осыдан бір күн бұрын «Теміртау» ойыншыларына  6:1  ұпайымен есе жіберген болатын. Алайда келесі күні олар намысқа тырысып, әдемі ойын өрнегін көрсете білді.  Қос команда ойыншылары овертайм кезінде бір-біріне есе жібермеуге тырысты.  Ойын соңынан кейінгі булит нәтижесінде  «Қар барысы» қарсылас команда қақпасына  5 бірдей шайба дарытып,  ұпай қорыжынын толықтырды.   Осылайша  мұз айдын қонақтары жеңіс туын  желбіретті.

Владислав САЙКО, "Қар барысы" ХК шабуылшысы:

- Бізде жеңіссіз ұзақ серия болғандықтан, бүгін біз өзгеруіміз керек деп шештік.   Бар күш-жігерімізді салып,  ұпай санымен алға шықтық.  Дегенмен қарсыластырымыздың да дайындығы жақсы. Тартысты ойын болды.  Бұл ойында жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз.

Кирилл ПОПОВ, "Теміртау" ХК шабуылшысы:

- Босаңсып, біршама қателіктерге жол беріп алдық . Қарсыласты бағалай алмадық, олар  буллитті  – ұтымды пайдаланып,  ұпай санымен алға шықты. Біз үшін бүгін ойын сәтсіз болды.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
15:35, 24 ақпан 2021
БАЛАЛАРДЫҢ АҒЗАСЫНДА ҚОРҒАСЫННЫҢ БАР-ЖОҒЫ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...