ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК ЕСЕП БЕРДІ

15:04, 19 ақпан 2021

Қарағанды облысында биыл 3 мыңнан астам әлеуметтік қорғалған отбасы пәтер алады. Сондай-ақ, 14 жаңа кәсіпорын ашылады. Биыл кәсіпкерлікті қолдауды қаржыландыру да 2,5 есеге артып отыр. Бұл жөнінде аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек «Сарыарқа» телеарнасынан тіклей эфирде халыққа есеп беру кездесуінде баяндады. Өткен жылды қорытындылап, алдағы міндеттер айқындалды

Қарағанды облысында өткен жылы 35 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық деңгейі 4,5% деңгейге жеткен. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” бағдарламасы  аясында 140 елді мекенде 622 жоба жүзеге асып, 16 мың жұмыс орны құрылған. Ал, ШОБ мемлекеттің қолдауы 2 400 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берсе, өз кәсібін ашамын деушілерге 1 900 өтеусіз грант берілді. Облыс әкімінің жүз грантын жас кәсіпкерлер алса, бизнеске тегін оқыту курстарынан 2 800 адам өткен.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

- 2020 жылы “Бизнестің жол картасы” бойынша жеңілдікті шарттармен облыстың 420 кәсіпорны өңір экономикасына 48 млрд теңге салып, өз жобаларын іске асыра алды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Биыл кәсіпкерлікті қолдауға бюджетте 7 млрд теңге қарастырылған. Ол өткен жылдан 2,5 есе артық.

Аймақ бойынша өндіріс саласында 107 мың, тау-кен саласында 32 мың адам еңбек етуде. Биыл 2021 жылы 2 600 жұмыс орнын құру мен 14 жаңа өндірісті іске қосу көзделіп отыр. Инвестиция көлемі 700 млрд теңгеден асады деп жоспарланған. Биыл көктемде Жәйремдегі кен байыту фабрикасы, ферроқорытпа зауыты және Qaz Carbon агломерациялық фабрикасы жандана түспек. 15 жыл тұрып қалғаннан Саран қаласындағы бұрынғы РТБ зауыты аумағында автобустар мен арнайы техника шығарылса, биыл көлік шинасын шығаратын зауыттың құрылысы басталмақ.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

- Біз алдымызға барынша көп инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын құру міндетін қойып отырмыз. 2020 жылы 678,3 млрд теңге тартылды, оның ішінде жеке қаражаттың үлесі - 81,6%. 11 жаңа инвестициялық жобаның іске қосылуы 2 500-ден астам жаңа жұмыс орнының құрылуын қамтамасыз етті.

Биыл аймақта медициналық жабдықтар паркі жаңартылды. 242 өкпені жасанды желдету аппараты, 40 цифрлық рентгенологиялық аппарат орнатылды. Жыл ішінде 5 компьютерлік томография кабинеті ашылып, олардың саны 24-ке дейін жетті. Кешенді жұмыстың нәтижесінде екі жыл ішінде 227 медицина қызметкері баспанамен қамтылса, облысқа жұмыс істеуге келетін 300-ге жуық мамандардың биыл пәтер алуға мүмкіндігі бар.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:
Өңірде 36 мың адам үй кезегінде тұрса, әлеуметтік баспанамен 2,5 отбасы жаңа пәтерге ие болған. Ал, биыл жалдамалы несиелік тұрғын үймен 3000 жанұяға жағдай жасау көзделсе, 600 көпбалалы аналардың да үй мәселесі шешімін таппақ. Сондай-ақ, былтыр 60 елді мекенді қамтитын 1200 шақырым жолдың жөнделуі автомагистральдың жақсаруына жол ашқан. Өткен жылғы есеп беру кездесуінде әкім халыққа уәде еткендей, биылдан бастап 1-2 сыныптардың барлық оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі түбегейлі шешімін тапқан. Алдағы оқу жылынан бастап  3-ші және 4-ші сыныптардың оқушыларын да қамту жоспарға енуде.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ,   тілші:

-Облыс әкімі есебін телеарнадан тікелей эфирден көре алмаған тұрғындар үшін қаланың 5 нүктесіне ЛЕД экрандар қойылған. Оның бірі кеншілер мәдениет үйінде болса, екіншісі Достық үйінде. Сондай-ақ, Майқұдық, Сұрыптау, Пришахтинск елді мекендерінде үлкен экрандар қойлған. Тұрғындар бұл орындарда әкім есебін тыңдап қана қоймай, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алды. Ал, мұндағы залдарда толықтай эпиджағдай тәртібі сақталған. Санаулы адамнан ғана кіргізіліп, әрбір 20-30 минут сайын тұрғындар орыны ауыстырылып отырды.

Тікелей эфирмен қатар лед экрандар өзге де қала, аудандарда қойылған. Осы арқылы аймақ бойынша өзекті мәселелерді анықтаудың ауқымы кеңейтілген.    

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,   Қарағанды облысының әкімі:

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,   Қарағанды облысының әкімі:

«Қасым үйі» ашылады деген жаңалықта аймақ ақындары мен жазушылар, журналистер үшін көптен күткен қуанышты жаңалық болды. 3,5 сағатқа созылған облыс әкімі есебінде 986 сұрақ келіп түскен. Өңір басшысы халық тарапынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдар мен көшелерді жөндеу, қоғамдық көліктің сапасы, әлеуметтік нысандарды салу, тұрғын үймен, сумен, жылумен қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарға толықтай жауап берді. Әрбір сауал назардан тыс қалмайды. Жеңіс Қасымбек есеп беруден соң облыс әкімдігінде азаматтарды жеке қабылдады.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
12:35, 5 наурыз 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...