ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

14:07, 15 ақпан 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Жезқазған қаласындағы әлеуметтік үш нысанды жоспардан тыс тексерген. Нәтижесі жайлы мониторинг топтың кезекті отырысында айтылды. Онда осы жылғы атқарылатын жұмыс барысы қамтылды

Білім ошақтарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүруде. Арнайы плакаттар ілінген. Олар қамқоршылық кеңестердің жұмыстарын бақылауды жүзеге асырады. Ата-аналар комитеті мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын  тексереді. Олар денсаулық сақтау саласын да қамтиды. Мұнда олар медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін белгілеп сондай-ақ, тегін дәрі-дәрмектердің үлестірілуін де қадағалауды жүзеге асырады. Арнайы бақылау тобының мүшелері құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен де бірлесе жұмыстар атқарады.

Ермек ӘБІЛДИН, Қарағанды ​​облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мониторинг тобының басшысы:

- Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бөлек кездесулер өткізу ұсынылады. Жұмыс бөлмелеріне бару және қарау, олардың қызметімен танысу. Қалалық және облыстық полиция департаментімен бірлесіп тоқсан сайын тұрғындар мен құқық қорғау органдары арасындағы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды түсіндіру және алдын алу мақсатында автопатрульдеуді қоса алғанда, басқа да  іс-шараларға қатысып бірлескен рейдтер жүргізу. Жоспар бойынша бізде ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласы да бар.

Сондай-ақ, отырыста республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшесі Ринат Биқаев Жезқазған қаласындағы үш әлеуметтік нысандағы тексерістер нәтижесі  туралы айтты. Олардың бірі - халық арасында «бүкір  көпір» деп аталатын N4 –ші желі. Оны қалпына келтіруге ақша толығымен аударылған. Алайда, спикердің айтуынша, жұмыс осы уақытқа дейін аяқталмаған.

Ринат БИҚАЕВ, республикалық мониторинг тобының мүшесі:

- Тексеру, зерттеу  кезінде көпірді жөндеу жұмыстары сапалы және толық көлемде орындалмаған болып шықты. Мұны оның қазіргі жағдайы растайды. Күнделікті тексеру кезінде біз фотосуреттер мен бейне жазбаларды таптық. Конустық байқау дұрыс өтпеген.

Барлық материалдар ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберілген. Тексеріс нәтижесі күтілуде. Осындай кемшіліктер сонымен қатар модульдік ауруханада да кезіккен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдері оған жұмсалған қомақты қаржы жайлы біліп, жағаларын ұстады. 

Ринат БИҚАЕВ, республикалық мониторинг тобының мүшесі:

- Бөлінген қаражат бізді қатты таңқалдырды.  Республикалық маңызы бар Шымкенттегі  аурухананың құрылысындағы қаражат 5 миллиард 850 миллион теңгені құраса, Жезқазған қаласында белгісіз себептермен 7 миллиард 250 миллион теңге жұмсалған.

Ниязбек БЕЙСЕМБАЕВ, Қарағанды ​​облысы бойынша құрылыс және сәулет басқармасы  басшысының орынбасары:

- Шығынға келетін болсақ, біз оны дайын өнім ретінде сатып алдық. Бұл жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде. Егер мемлекеттік сараптама жобаның арзандатылғандығын растайтын болса, мердігер бізге ақшаны қайтарады. Бұл үнемдеген болып есептеледі. Иә сіздікі дұрыс. Қазіргі уақытта біз 95% төледік. Біз мемлекеттік сараптама алғаннан кейін 5% сақтаймыз. Қазіргі уақытта, менің білуімше, Қаржылық бақылау инспекциясы бұл нысанды тексерді.

Сондай-ақ, отырыста арнайы мониторингтік топтардың құрамы жасақталып жатқандығы туралы айтылды. Олар Ұлытау ауданында, Сәтбаев  және басқа да моноқалаларда тіпті, облысымыздың кейбір ірі орталықтарында әлі де жоқ көрінеді. Бұл жұмысқа азаматтық көзқарасы бар белсенді адамдар шақырылуда.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЖЕТПІС ЖАСТАН  АСҚАН  297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
12:48, 16 сәуір 2021
ЖЕТПІС ЖАСТАН АСҚАН 297 АДАМ ЕКПЕ САЛДЫРТТЫ
Толығырақ...