ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖЕМІСТІ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

15:23, 21 қазан 2021

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Сарыарқа» телеарнасы «Сарыжайлау» кинотеатрымен бірлескен «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасын жалғастыруда. Бүгінгі кейіпкеріміз төтенше жағдай бөлімінде жетекшілік қызметке көтерілген қарқаралылық Шыңғыс Нұрсейітов. Ол спорт саласында да жеңіске қол жеткізген

Құтқарушы, өрт сөндіруші мамандар үшін қашанда қырағылық басты қасиет. Олар тәулік бойы жедел желі арқылы түскен әрбір оқыс оқиғаға асқан табандылықпен әзірленеді. Биыл Қарқаралы ауданында дала, орман өрті өрши түскен. Осындай қиындығы мол ауыр жұмысты таңдап, табысты еңбек етіп жүрген жандардың бірі Шыңғыс Нұрсейітов. Ол аудандық төтенше жағдайлар  бөлімінің бастығы. Тәуелсіздік жылдарында өзін жауапты тұлға ретінде қалыптастыра білген Шыңғыс Оралұлы үш баланың әкесі.

Шыңғыс НҰРСЕЙІТОВ, Қарқаралы аудандық төтенше жағдайлар  бөлімінің бастығы:

-Жаңатоған ауылында үлкен өрт болды. Жел қатты болғандықтан өрт сөндіру қиын болды. Техниканың күші жетпей кетеді, қатты желмен өрт шарпыған кезде. Бір жағынан өзіміздің құтқарушылар өміріне де алаңдаймыз. Волонтер, өрт орын алған аумақтағы тұрғындар да өрт сөндіруге көмектесіп жатады. Үнемі ол кісілердің өмірін алдыңғы орынға қойып, барлық жағдайды бақылауда ұстаймыз.
Шыңғыс Нұрсейітовтің төтенше жағдай саласындағы жетістіктері жетерлік. Мінсіз қызметі үшін төсбелгісімен марапатталған. Одан бөлек, жастайынан спортпен шұғылданған ол былғары қолғап шебері. Республикалық жарыстардан жүлдесіз оралмайтын Шыңғыс пауерлифтингтен өткен сайыста қола жүлдеге ие болған.
Шыңғыс НҰРСЕЙІТОВ, Қарқаралы аудандық төтенше жағдайлар  бөлімінің бастығы:

-Өрт сөндіру, құтқару жұмыстары біздің басты мақсатымыз. Осы салада елге еңбек етіп жатқаныма қуаныштымын. Тәуелсіздіктің арқасында есейіп, осындай қызмет атқарудамын. Тәуелсіздіктің шынайы көрінісін  осындай мысалдар арқылы жеткізуге болатын сияқты.
Азаматтық қорғау майоры Шыңғыс Нұрсейітов Тәуелсіз Қазақстанда төтенше жағдай саласы қызметкерлеріне жасап жатқан қолдауға да ризамын дейді. Айтуынша, соңғы жылдары жалақысы артып, жұмысқа деген жауапкершілігі мен құтқарушы ретінде шеберлігі артқан. 
Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
14:22, 13 қаңтар 2022
УТИЛИЗАЦИЯЛАУ ТАРИФЫ ҚАЙТА ЕСЕПТЕЛУІ ТИІС
Толығырақ...