ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС – ЖАН САУЛЫҒЫ

13:11, 10 маусым 2021

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру сапасын жақсарту қажет. Ол үшін лагерлер жұмысы мен жасөспірімдер қауіпсіздігі күшейтілуде. Бұл бағыттағы сұрақтар Қарағанды қалалық әкімдігінде қаралды

Оқушылардың жазғы демалыс кезінде «Салют» балалар лагері жұмыс істейді. Ол Бұқар жырау ауданының Асыл ауылында орналасқан. Мұнда келетін балғындарды күніне алты мезгіл тамақтанудыру қарастырылған.  Бірінші кезекте,  халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары қамтылмақ.

Есентай ӘШІМОВ,    Қарағанды қалалық білім бөлімінің басшысы:

- 2020 жылы жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. Оның көлемі 200 миллион теңгені құрайды. Қазір лагерь балаларды қабылдауға толық дайын. 4 маусымнан бастап Балқаштағы Балдәурен демалыс аймағына 30 бала жіберілді, 9 маусымнан бастап 58 баланы Көкшетауға демалуға жіберу жоспарланып отыр.

1 маусымнан бастап қаладағы он жеті мектепте күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Сондықтан бұл білім беру мекемелерінде жазғы демалысты ұйымдастыруға тыйым салынған. 14 419 бала мен жасөспірімдерді қамту жоспарланған.   Маңызды мәселелердің бірі - балалардың қауіпсіздігі. Мысалға, көптеген білім беру мекемелерінде пайдасыз бейнебақылау камералары бар. Оның сапасы төмен болғандықтан адам келбетін  тану мүмкін емес. Қарағанды ​​қаласының әкімі бұл мәселені шешуді тапсырды.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,    Қарағанды қаласының әкімі:

- Осы мәселені бақылауға алыңыз. Біздің құқық қорғау органдарының қатысуымен тиісті кездесу өткізіңіз. Бұл жағдайды реттеу керек.

Нұрлан БИКЕНОВ,    Қарағанды ​​қаласы әкімінің орынбасары:

- Өткен жылы   біз камераларды бюджеттен тексеріп, ауыстырдық. Біз қазір бюджеттен қайта қаражат қарастырып,  ақша бөле алмаймыз.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,     Қарағанды қаласының әкімі:

- Мәселені шешіңіздер. Қай бюджет екенінің  қандай айырмашылығы бар. Бұл жағдайды қайткен күнде де шешуіміз керек.  

Жиналыста  мәдени-спорттық шаралар сұрақтары да қаралды. Қазіргі уақытта Қарағанды ​​қаласының үш мәдениет үйінде балалардың жазғы демалуы үшін барлық жағдайлар жасалған. 

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар