ЖАТ АҒЫМДАҒЫЛАРДЫ ОҢАЛТУ – ОРТАҚ МІНДЕТ!

12:26, 19 ақпан 2021

Қарағанды облысындағы Түзеу мекемелерінде діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді механизмдерін қалыптастыру мақсатында аймақтық семинар өтті. Басқосуда жат ағымның жетегінде кеткендерді оңалтудың басты алғышарттары айтылып, ортаға, қоғамға қайта бейімдеудегі басымдықтар ұсынылды

Облыстық дін істері басқармасы «Түзеу мекемелерінде діни оңалту жұмыстарын жүргізудің тиімді механизмдерін қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді. Екі күндік жиынның алғашқы кезеңінде  15 имамның біліктілігі шыңдалса, шалғай қала, аудандардағы имамдар онлайн негізде қатысты. Семинарға «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев  Елордадан арнайы келген. Алдымен, білікті дінтанушы жат ағымға еріп кетіп, бүгінде түзеу мекемесінде  мерзімін өтеуші радикалды топтарға кірген азаматтарды қоғамға бейімдеу, қалыпты ортаға қосудағы мүмкіндіктерді ортаға салды.

Мақсатбек ҚАЙЫРҒАЛИЕВ,  «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы:

Облыстық дін істері басқармасы басшысы Дулат Халел мен өңірдің бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа да семинарда өз пікірлерін ортаға салды.  Екі күндік семинар төрт кезеңді құраса, оған теологтар, имамдардан бөлек құқық қорғау органы өкілдері де қатысты. Деструктивті ағымда жүрген жандарға әлеуметтік, психологиялық, заңгерлік көмек көрсетудегі ұстанымдар талқыға түсті.  «Жат ағымдағыларды оңалту – ортақ міндет» деген тараптар дұрыс пен бұрысты сыни тұрғыдан саралай алатын саналы ұрпақ қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Дәстүрлі дінімізді сан ғасырлық салтымызбен сабақтастыра отырып ұрпақ санасына сіңіруде еңбек етуге басымдық берді.  

Дулат ТӨЛЕГЕНОВ,   облыстық дін істері басқармасының орталық директоры:

Жат ағымның жетегінде жүрген жандардың діни білімі төмен, дейді  қарағандылық дінтанушылар. Дәстүрлі рухани құндылықтарды халыққа жеткізу, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, тұрғындардың діни сауатын арттыру бойынша жұмыстар аймағымызда жалғаса бермек.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
12:35, 5 наурыз 2021
ОБЛЫС ӘКІМІ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Толығырақ...