ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ҚАТАРЫ КӨБЕЙДІ

15:14, 21 шілде 2021

Қаражал қаласында 135 жас буын өкілі «Жасыл ел» еңбек жасағында жұмыс істемекші. Жас шамаларына қарай еңбек ету уақыттары әртүрлі. Сарбаздар топ-топқа бөлініп, шаһарды тазалап, қаланы аббаттандыру жұмыстарына атсалысып жатыр

«Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет». Тапжылмай еңбек етіп жатқан жастардың ұстанымы осындай. Қазір қаланың гүлденіп, аббаттандыру жұмыстары жас буын өкілдерінің жұмыла қатысуымен атқарылуда. Бағдарлама ба­ғыты – табиғатты қорғау, экология­ны сақтау, жас­тарды  еңбекке баулу. Бастысы тегін емес, ақылы.

Сәния ТОҚАБАЕВА, жастар ресурстық орталығының директоры:

-Бұл сарбаздардың бізде өткен жылдармен салыстырғанда 3 есеге көп мөлшерде болып отыр. Және де тағы бір айта кететінім, осы сарбаздарға бізде қаламыздың «Арқа құрылыс» ЖШС жастарымызға арнап, киім-кешектерді және жұмыстарына арналған құрал-жабдықтарды қамтамасыз етіп отыр. Сарбаздар топ-топтарға бөлініп, қаланың барлық аймағын қамтиды. Тек орталықта жүрмейді. Бүгінгі таңда , міне осы 15 күннің ішінде 90 тонна қоқыс шығардық. Тек қана көгалдандыру жұмыстары жүрмейді, аптасын 1 рет үлкен ауқымды іс-шара өткіземіз.

Бүгінде еңбек жасағында 45 сарбаз бар. 14-16 жас аралығындағылар 4 сағат, 16-дан 29 жастағыларға 8 сағат жұмыс істеу міндет. Жалақылары 42 500 теңгеден бастап 80 000 теңге аралығы.

Зарина ҚОБЫЛАНДЫ, студент:

-Бұл бағдарлама бойынша жұмыс істеген өзіме ұнайды. Өйткені, азда болсын өз қаламның көркеюіне үлес қосамын. Енді мен оқу орныма дайындалуым керек қой. Өзімнің киім-жабдықтарым, қалған ақша ата-анама. Ата-анама қол созамын.  

Мәдина Қабыл Қарағанды университетінің бірінші курсын сәтті аяқтады. Туған жеріне демалысқа келгенмен, бос отырудан аулақ. Қазір қаласын гүлдендіруге септігін тигізіп жатыр. Әрі еңбегінің нәпақасын көреді.

Мәдина ҚАБЫЛ, студент:

-9-дан бастап біз түске дейін жұмыс істейміз. Түсте 14:30-ға шейін бізде үзіліс болады. 14:30-нан 18:00-ға дейін бізде жұмыс болады. Былай қарап отырсақ, бізде бос уақыт жоқ. Қазір бізде оқуда 443 мың теңге жыл сайын төлейміз. Соған көмек ретінде жұмыс істеп жатырмын.

Тамыз айының 31-іне дейін жергілікті әкімдік жұмыссыз жастарды еңбек жасағына шақырады. Сарбаздар құра­мын биыл 135-ке жеткізу көзделген. Берекелі бағдарламаға жергілікті бюджеттен 6  млн теңге бөлінген.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
16:49, 22 қазан 2021
ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
16:33, 22 қазан 2021
МӘДЕНИЕТ МАЙТАЛМАНЫ – ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
18:03, 18 қазан 2021
ҚАРАҒАНДЫДА ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...