ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ АРТАДЫ

21:58, 12 қаңтар 2022

Жастарға қолдау арта түседі. Биыл берілетін гранттар саны бойынша ғана емес, көлемі жағынан да еселену үстінде. Бұл жастар арасында ірі бастамалардың жүзеге асуына мүмкіндік бермек

Жастардың бастамасына берілетін гранттар құны 400 АЕК-ке дейін артады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламент Мәжілісінің отырысында айтты. Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды құруға атсалысу – жастардың да борышы деп атап өтті. Әлеуметтік ахуалға зор мән бере келе еңбекақы көтеру мүмкіндігін қарастыруға да баса тоқталды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

-  Үкіметке «Жастар іс-тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» жобаларына қатысудың мерзімін созуды тапсырамын. Жастарға берілетін грант көлемі де екі еселеніп, 400 АЕК құруы қажет.  Үкімет осы бағыттағы жұмысты қолға алып, жүзеге асырып, тиімді тұстарын қарастыруы қажет.

Қазақстандықтардың 30%-ға жуығы  жастар. ШОБ-ты дамытуда бұл әлеуетті тиімді пайдалануымыз қажет.  Бір ғана "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы аясында жас кәсіпкерге айтарлықтай қолдау көрсетілді. Қазақстан әлемдік өркениет көшінен өз орнын алуы үшін отандық жас кәсіпкерлерді жетілдіре түсу керек. Бұл әлеуеті күшті, халықаралық деңгейде жұмыс істейтін жастар - қалыптастырушы орта.

Біржан ӘЛІМЖАНОВ,  жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

-Жастарға қолдау ерекше.

Жастардың бастамасына берілетін гранттар құны 400 АЕК-ке дейін артуы жаңа мүмкіндіктерге жасалған қадам, - дейді Біржан Әлімжанов. Мысалға, аймақта құны 1 миллион теңгелік жаңа бизнес идеяларға берілетін облыс әкімінің гранты өткен жылдары 10-нан 100 сертификатқа дейін артқан. Бүгінде мамандар «Жастар тәжірибесі» арқылы да сала тамырына қан жүгіреріне сенімді.

Төлеу МҰХТАР, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

-Жастар практикасы қатысушыларына уақыты созылды. Төлемі артты.

Мемлекет басшысы жалақы, әлеуметтік саланы жетілдіруге де қатысты тапсырмалар жүктеді. Демек, жалақысы көңіл көншітпейді деп жүрген жұмыссыз жастар үшін де жаңа мүмкіндіктер туары анық.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ  АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
19:13, 17 мамыр 2022
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТУРНИР ӨТТІ
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
19:08, 17 мамыр 2022
МЕМЛЕКЕТТІК АКАДЕМИЯЛЫҚ КОРЕЙ ТЕАТРЫНА – 85 ЖЫЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар