ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАСТАРДЫ ЖҮҰМЫСПЕН ҚАМТУ - МАҢЫЗДЫ ІС

17:09, 20 қаңтар 2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтардағы үндеуінде әлеуметтік ахуалға зор мән беру керектігіне айрықша тоқталған болатын. Әсіресе, халықты тұрақты еңбекпен қамту, жұмыссыздықты азайту бағдарламасын іске асыруды міндеттеді. Президент пәрменін орындау мақсатында Қарағанды қалалық мәслихаты тұрақты комиссияның бірлескен отырысын өткізді.

Халықтың әл – ауқаты мен өмір сүру сапасын қамтамасыз ету - мемлекеттің басты міндеті. Негізгі мәселелердің бірі - жұмыссыздық деңгейін төмендету болды, әсіресе жастар арасында. Жоғары оқу орындарының, колледждердің түлектері, әсіресе білімі жоқ жастар тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жоқ. Осылай деген мемлекет басшысы жұмысқа орналасуға мұқтаж азаматардың нақты санын анықтау қажет екенін де атап өтті. Қалалық мәслихат депутаттары, оқу орындары, қалалық және аудан әкімдіктері мен басқа да сала өкілдері онлайн  режимде бас қосып, аталған мәселені назарға алды. 

Жанай ЫСҚАҚОВ, Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

–  Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын іске асыру  барысында 2021 жылы еңбек нарығына 9047 адам жұмылдырылған болатын. Соның ішінде 8262 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде жастар 3556.

Жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өз жемісін беруде. Мәселен, облыс орталығында 2021 жылы Еңбек бағдарламасы аясында уақытша және тұрақты жұмыс орындарына 7542 адам тартылған. Ал кәсіпкерлік бағытта 201 адам тиісті оқу курстарынан өткен. Жастар әлеуетін арттыруға бағыттталған кешенді іс-шаралар биыл да жалғасады. «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша биылғы жаз маусымында 350 адам еңбекке жұмылдырылмақшы. Сондай-ақ, қала әкімдігі және жастар ресурстық орталығының бірлескен аймақтық жоспары да әзірленген.   Арнайы бағдарлама жастар саласындағы ахуалды жасқартуға бағытталған. Ағымдағы жылы жұмыссыздық деңгейін  5,2% - ға дейін төмендету көзделіп отыр.   

Ләззат АҚЫЛЖАНОВА,  Қарағанды қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы

–  Кәсіпкерлікті дамыту және қолдауға арналған Қарағанды қаласы әкімінің гранты туралы айтып өтсем.  Бұл жоба жастар арасында кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға бағытталған.  Жұмыссыз жастар үлесінің азаюына ықпал етеді. 1,5 миллион теңгедей 10 грант тапсыру жоспарын қойып отырмыз.  Жас кәсіпкерлердің жалпы сомасы 15 миллион осы жылға. 

Жаңашылдыққа құмар жастарды қазіргі сұранысқа ие мобилография, СММ, дизайн, бағдарламалау бағыттары бойынша да оқыту жоспарлануда. Жиын барысында жоғары оқу орындарын тәмәмдаған түлектерді мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру мәселелері де кеңінен талқыланды.    Жауапты мекемелер оқу орындарының өкілдеріне «Серпін» бағдарламасы жайында мағлұматтар берілді. 

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар