ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАСТАР – ТЫҢ ИДЕЯЛАРДЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

16:01, 27 қазан 2021

"Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан" осындай атаумен өңірлік жастар форумы өтті. Ашық пікр алаңына айналған шарада еліміздің даму бағыттары мен Тәуелсіздіктің 30 жылдағы теңдессіз жетістіктерін спикерлер салмақтап, саралады. Әр салада табысты қызмет атқарып жүрген жас буындар өз тәжірибелерімен бөлісті. Үздік бизнес-идеялар байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бұл жолғы "Төртінші онжылдықтағы Тәуелсіз Қазақстан" атты өңірлік жастар форумы бұрынғылардан өзгерек. Жас буынның жарқын болашаққа сенімін нығайтатын шара ашық пкір форматында өрбіді.

Лаура Жолдасова халықаралық «Болашақ» бағдарламасының  түлегі. Білдей бір PhDдокторы  шетелде білім алу үшін талабы таудай жастарға барлық жағдай жасалғанына да тілге тиек етті. Тек «ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» дегенге саяды спикердің ойы. Ал Әмірхан Оралбеков жас та болса өз саласында ірі істерді жауапкершілікпен еңсеріп жүр. Алғыр ойлы азамат Қазыбек аудандық сотында сот отырысының хатшысы қызметін атқарады. Ол «Jana tolqyn» жобасының қатысушысы.

Әмірхан ОРАЛБЕКОВ, форумға қатысушы:

- Бүгінгі форумның ең негізгі бірегейлігі-әр түрлі сала мамадары арасында бірыңғай алаңға айналу. Ортақ интеграцияларды жүзеге асыру. Ел дамуына үлес қосудың тиімді тетіктерін ортаға салдық.

 

Тәуелсіздік құрдастары мен белсенді жастар қоғамдық сананы жаңғырту мен бәсекеге қабілетті ұлт болудың тенденцияларын тезистермен талдап, таразылады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, Тәуелсіздік құрдасы:

- Тәуелсіздік деген ұлы ұғым - бабаларымыздың асыл арманы.Егемендікті еңселі ету жолында Елбасымыз батыл байламдарға,нық қадамдарға барды.Заманның заңғар тұлғасының көрегендігін әлемдік сарапшылар мойындады.Еңселі Елордамыз ашық пікір алаңына айналды.Бастысы біздің  тілегіміз тұрақтылық. Тірегіміз Тәуелсіздік,білегіміз бірлік.

Ал облыстық жастар форумы аясында «Jasprokrg»  «телеграм» каналы арқылы студенттер арасында викторина ойнатылды. Өрендерді ойлантып, өресіне оймақтай ой салатын 10 сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берген қатысушыға сыйлық тарту етілді. Осы күні Біржан Нұржанұлы студенттер арасындағы үздік бизнес-идеялар байқауында топ жарған жеті жеңімпазды марапаттады. Бәсі биік бәсекеден оқ бойы озық шыққандардың бірі Мерует Мұхамбетали.

Меруерт МҰХАМБЕТАЛИ, жеңімпаз:

- Бұл байқау бізге тек курстар беріп қана қоймай, біздің әрі қарай жан-жақты тұрғыдан дамуымызға үлкен үлес қосты.Ұмытылып бара жатқан қазақтың қолөнері мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын жастардың санасына сіңіру қажет.Сондықтан менің жобам  осы бағытқа негізделген.

Демек ауқымды шара оң өзгерістердің қозғаушы күші мен тың идеялардың қайнар көзі саналатын жастарға мейлінше мотивация бергені сөзсіз. Бастысы студенттер форумнан келешекке кәміл сенім мен кемел ой түйіп тарқасты.   

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...