ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

16:28, 26 қазан 2021

Жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысында облыстың жас тұрғындарын еңбекке баулу және жұмысқа орналастыру мәселесі талқыланды. Аймақ басшысы кәсіпкерлерден түскен ұсыныстарды қарап, алдағы іс-шаралар жоспарын белгіледі

Қоғамда жастар мәселесі қашанда өзекті. Аймақ басшысының айтуынша, жастар арасындағы жұмыссыздық әлем бойынша күрделі проблемаға айналған. Облыс әкімі мектеп, колледж, ЖОО бітірген түлектермен тығыз байланыс орнатып, қоғамға тарту арқылы бұл олқылықтың орнын толтыруға болатынын атап өтті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,  Қарағанды облысының әкімі:

-Жастар арасындағы жұмыссыздық қай елде болмасын өзіндік көрсеткішке ие. Еңбек нарығындағы мамандықтардың жетіспеушілігі басты мәселе болары анық. Алайда, жан-жақты жұмыстар жүргізіп, облыстағы жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешуге тиіспіз.

Мемлекет тарапынан қолдауға бағытталған «Еңбек», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» секілді бағдарламалардан жастардың хабарсыз болуы да кері әсерін тигізбек. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова жұмыспен қамту мәселесіне тоқталды.

Әсем ЖҮНІСПЕКОВА,    жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы:

– Биылғы жылдың 9 айында жұмыспен қамту органдарына 32 мыңнан астам адам жүгінген. Оның 12 мыңы жастар. Бағдарламалар аясында 700 адам техникалық және кәсіптік оқуға жіберілді. Қысқа мерзімді курстарға 335 адам жазылды. 555 «Bastau Business» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды. 343-і шағын бизнесті дамытуға грант алды.

Іске асырылып жатқан бизнес-жобалар негізінен мал шаруашылығы, кондитерлік қызмет көрсету және сұлулық салондары. Шағын несиелендіру мүмкіндіктерін 154 адам пайдалана алған. Сондай-ақ, жиында аталған жобалардың жүзеге асырылуын бақылау жайы сөз болды. Комиссия бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылауға толық құқылы.

Біржан ӘЛІМЖАНОВ,   жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

–  Статистика көрсеткендей, жастардың 60%-дан астамы әлеуметтік желілер мен интернетті пайдаланады. Демек, жастарды әрдайым хабардар етіп отырудың таптырмас аудиториясы – әлеуметтік желіде жұмысты жандандыру. Арнайы топ құрып, кешенді жоспар арқылы іске асыруды ұсынамыз.

Жиын барысында, облыс әкімі жастарға мемлекет тарапынан үнемі қолдау, көмек көрсетілетінін жеткізді. Тек, сала жауаптылары жұмысты жүйелі түрде іске асыруды міндеттеді.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...