ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІ

16:16, 20 қыркүйек 2019

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резервін құру жұмыстары - Қарағанды облысында да басталып кетті. Бүгін мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департамент мамандары жастарға аталмыш резервтің талаптарын айтып берді

Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары қарапайым деп айтуға келмейді. Деседе, оның күрделілеу процесстерден тұратыны ахиқат. Мысалы, бұл резервке ілігу үшін кемі 5 жыл еңбек өтілі болуы шарт. Бұл үміткер маманның еңбек жолындағы алғашқы іскерлік қасиеттерін анықтап, іріктеуге мүмкіндік береді.

Айгүл БАЙХАНОВА, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департамент басшысы:

-Осы іріктеуге кімдер калай қатысады, қандай кезеңдер бар екені жайлы мәлімет береміз.

Ілігу талаптарының тағы бірі ол – мақала жазу. Тақырыбы қай салада қызмет еткісі келетініне байланысты. Өз кезегінде бұл істе мемлекеттік қызметке үміткердің қарапайым халықпен қарым-қатынас жасай білуін айқындайды.

Азамат ЖОЛМАНОВ, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ҚОФ басшысы:

- Бұл жобаның басты идеясы талантты жастарға тиімді лифт жасау. Яғни қолынан келетін жастар биікке кедергісіз көтерілуі тиіс.  Осы жоба арқылы жастар тек мемлекеттік секторда емес, квазимемлекеттік секторда жұмыс істей алады.

Алтынайдың еңбек өтілі не бары 1 жылды құрайды. Бүгінде С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында бөлім меңгеруші болып қызмет етеді. Кадрлық резерв талаптарына сай келмегендіктен, яғни еңбек өтілімінің аздығына байланысты алдағы күндерден  үмітті.

Алтынай ҚУАНЫШБЕКОВА, жас маман:

- Президент кадрлық резервінде болғым келеді. Бұл жастар үшін мол мүмкіндік. Әзір маған нақты жауап болмай тұр,  мүмкін 5 жылдан кейін тағы тіркелемін.

Резервке іріктеуді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия жүзеге асырады. Резервке отыз бес жастан аспаған, жоғарғы білімі және бес жылдан кем емес еңбек өтілі бар, Қазақстан Республикасының азаматы алынады.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар