ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАСТАР АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

12:17, 7 желтоқсан 2021

Аймақ жастары арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қортындысы бойынша брифинг өтті. Зерттеу жұмыстары Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен жасалған. Кейінгі уақытта жас буынның назары қай жаққа ауып жүр, олар нені құп көріп, нені теріске шығарады. Екі қолға бір күрек таппай жүргендердің үлесі қанша? Маңызды сұрақтардың жауабы брифингте айтылды

Зерттеу жұмыстарына 14 пен 28 жас аралығындағы қазақстандықтар тартылған. Мәселен сіз жұмыспен қамтылғансыз ба деген сұраққа аймақ жастарының 57, 8 %-ы иә деп жауап  берген. Ал 52,2 % жоқ депті. Осы секілді маңызды сауалдар бар.

Давлат МЫРЗАХМЕТОВ, діни-психологиялық-құқықтық консультация орталығы қоғамдық бірлестігінің басшысы:

-Жастарға үш тақырыптағы сауалдар ұсынылды. Олар: жастар және жағдайды талдау, екіншісі жастар санасындағы дін, үшіншісі жастардың құндылығы. Яғни жастардың дінге деген көзқарасын анықтау керек болды. Олар өздеріне керекті түрлі ақпаратты қайдан алады және олар үшін көшбасшы кім екенін де білгіміз келді.

Әлеуметтік зерттеудің маңызы айқын: қоғамдық өмірдің белсенді өкілдеріне айналған жастардың психологиясын, таным, түсінігін жобалап білу. Алынған қорытынды арқылы жастар саясаты саласында атқарылатын келешек жұмыстардың бағытын бағамдау. 

Біржан ӘЛІМЖАНОВ, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

Зерттеу жүргізген мамандардың сөзінше пандемия жастардың таным-түсінігіне біршама әсер етіпті. Мәселен олар сабақты, түрлі кездесуді онлайн формат арқылы өткізіп, уақытты барынша үнемдеуге дағдыланыпты. Үйден шықпаған адамның психологиясы өзгеретіні анық дейді зерттеушілер.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
17:24, 20 қаңтар 2022
ҚАРАҒАНДЫ-АЛМАТЫ БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ ЖАНДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
14:22, 17 қаңтар 2022
ЗЕЙНЕТ ЖАСЫНДАҒЫЛАР РЕВАКЦИНАЦИЯДАН ӨТУДЕ
Толығырақ...