ШҰҒЫЛ! АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Толығырақ

ЖАС ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

12:19, 26 қараша 2021

«Жас әкелер лигасы» байқауы қорытындыланды. Оған облыс бойынша 100-ден астам жас отбасы қатысты. Онлайн марафон қалай жүргізілді? Кімдер жеңімпаз атанды?

Байқауда облысымыздағы 29 жасқа дейіңгі жас отбасылар бақ сынады. Оларға жанұялық қарым-қанысты нығайтуға арналған түрлі тапсырмалар берілген. Әрбір жұп өзіндік отбасылық бақыттың ерекшелігіне екпін беруі тиіс. Жеңімпаздардың бірі - жас отбасы Мунара Нәрікбаева және Әлішер Қанафин. Олардың отау тіккендеріне небары 4-5 ай өтіпті.

Мунара НӘРІКБАЕВА, жас отбасы:

-Біз жанұя құрғанымызға көп уақыт болмаса да конкурска қатыстық. Біз үшін үлкен мотивация берді. Көп нәрсені үйренуге болады. Онлайн марафонда отбасылық құндылықтар жайлы түрлі тренингтер өтті. Біз видео түсіргенде өзіміздің күнделікті өміріміздің кестесін көрсеттік. Онда қалай бір-бірімзіге уақыт бөлеміз, бос уақытта немен айналысамыз? Барлығы бар. «Ең жас актер» номинациясын жеңіп алдық.

Марафонның бір бөлімі «жас әкелер лигасы» деп аталды. Онда жас әкелер өз бастамаларын іске асыруға мүмкіндік алды. Марафонда психолог, жас отбасыларды қолдау бағдарламары бойынша арнайы мамандар жұмыс істеді. Олар жаңадан отбасын құрған екі жасқа үлкен отбасы құндылығын сақтауға сеп болды. Жоба Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен жүзеге асырылып отыр.

Біржан ӘЛІМЖАНОВ,   Қарағанды облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы:

-Жыл бойы жалғасқан отбасылық жоба түрлі бағытта жүргізілді. Міне бүгін соның қорытындысын көріп отырмыз. Қазір өздеріңіз білесіздер, отбасы мәселесі өте қиын проблема тудыруда. Ешкімге жасырын емес, ажырасу, отбасылық кикілжің, зорлық-зомбылық көбейіп кетті. Мұның бәрі отбасылық білімнің жоқтығынан туындайды. Осындай мақсатта жас жанұяларды қолдау үшін жобаны бастап едік. Нәтижесі жаман емес.

Ұйымдастырушылар алдағы уақытта «Жас әкелер лигасы» сынды отбасылық парасаттылықты насихайттын іс-шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
16:40, 24 қараша 2021
ЗАҢСЫЗ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Толығырақ...